Гүлдер мен майшам

Президенттік клиниканың дәрігері неден қайтыс болғаны айтылды

4032
(Жаңартылды 16:47 12.07.2020)
Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер 20 жыл бойы медицина саласында қызмет еткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды.

Павел Иванович Шолох
Павел Шолох 54 жасқа қараған шағында көз жұмғаны айтылып отыр

"Президенттік клиника Павел Шолоховтың туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Павел Иванович - медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер, Клиниканың ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі, 20 жыл бойы медицина саласында қызмет етті", - деп жазылған клиниканың Facebook-тегі парақшасында

Әріптестері мен пациенттері Павел Шолоховты кәсіби біліктілігі мен адамгершілігі үшін құрметтегені жазылған. Павел Шолох 54 жасқа қараған шағында көз жұмғаны айтылып отыр.

Тағы оқыңыз: Ибупрофен, парацетамол және цефтриаксон: елордаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілді

Бұған дейін, 11 шілдеде белгілі уролог-хирург Әділжан Хамзиннің көз жұмғаны туралы хабарланған еді.

Дәл сол күні Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозбағаров қайтыс болды.

 

 

4032
Тақырып бойынша
Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады
Елорда тұрғыны супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды – видео
Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды – видео
Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Қазақстанда аза тұту күнінде бір минуттық үнсіздік жарияланады
Зертхана қызметкері

Соңғы тәулікте 476 адамның індетке шалдыққаны расталды

0
(Жаңартылды 08:37 14.08.2020)
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жетсе, 78 633 науқас аталған дерттен айығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 184 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 66 / 8
  • Алматы қаласы - 40 / 9
  • Шымкент қаласы - 3 / 3
  • Ақмола облысы - 21 / 11
  • Ақтөбе облысы - 9 / 5
  • Алматы облысы - 18 / 10
  • Атырау облысы - 15 / 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 30
  • Жамбыл облысы - 16 / 10
  • Батыс Қазақстан облысы - 32 / 19
  • Қарағанды облысы - 44 / 18
  • Қостанай облысы - 27 / 6
  • Қызылорда облысы - 8 / 5
  • Маңғыстау облысы - 13 / 13
  • Павлодар облысы - 11 / 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 30 / 6
  • Түркістан облысы - 26 / 19.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус дертімен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жеткен. Ал өткен тәулікте республика бойынша 1 877 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 113
  • Алматы қаласы - 641
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 66
  • Ақтөбе облысы - 9
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 543
  • Шығыс Қазақстан облысы - 68
  • Жамбыл облысы - 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 12
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 11
  • Қызылорда облысы - 252
  • Маңғыстау облысы - 23
  • Павлодар облысы - 21
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 22
  • Түркістан облысы - 13.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 78 633.

0
Кілт сөздер:
емделу, індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады
Ербол Оспанов

Елбасының бұрынғы бас ұшқышы "Барыс" орденімен марапатталды

84
(Жаңартылды 19:52 13.08.2020)
"Барыс" ордені Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы Ербол Оспанов II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

"Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен "Эйр Астана" АҚ Боинг 757/767 командирі Оспанов Ербол Абылайұлы ІІ дәрежелі  "Барыс" орденімен марапатталды", - деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Мемлекеттік марапатты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов табыс етті.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы болған Ербол Оспанов Sputnik Қазақстан тілшісіне Елбасының қандай жолаушы екенін және Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалай борт-радист болғанын айтып берді.

Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді. 2020 жылы зейнетке шықты. 

Ол 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. 
Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен біріккен авиаотрядының Ан-2 ұшағының екінші пилоты қызметінен бастады.

Пилот Ербол Оспанов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді

Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті экипажының шеф-пилоты, Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының" ұшу қызметі жөніндегі директордың орынбасары, Боинг-757, 767 командирі, "Orient EagleAirways" АҚ шеф-пилоты, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2005-2018 жылдары "Эйр Астана" АҚ вице-президенті, 2018 жылдан бастап әуе кемесінің командирі болды.

9 маусымда Оспанов 65 жасқа толды. Ол өзінің кәсіби мансабында 21 мың сағат ұшып, демалысқа шықты, бұл шамамен 2,5 жылға тең. Ол өзінің кейінгі рейсін Боинг-767 ұшағымен Лондон-Алматы бағыты бойынша жасады.

"Барыс" ордені кімге беріледі

"Барыс" ордені 1999 жылы енгізілді. Ол үш дәрежеден тұрады. Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі.

Сондай-ақ мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін беріледі.

84