Қоғам

"Қызыл түсті ұнтақ" сеуіп жүрген ұшақтарға қатысты шындық жария етілді – видео

© Photo : PixabayВид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото
Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскүнемдер мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы Қазақстанда түсірілді деп жалған видеолар таратып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ұшақтардың "қызыл түсті ұнтақ" сеуіп жүргені жайлы видеоға қатысты түсініктеме берді.   

Ведомство әлеуметтік желіде тараған "ұшақ пен тікұшақтар арқылы Қазақстан аумағында вирустық және биохимиялық оқ-дәрі шашылып жатқаны туралы" ақпараттарды ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында ұшақтардың шөл далада қызыл түсті заттарды шашып жатқан жайлы видеоматериалдарды анықтады. Бұл кадрлар Қазақстанда түсірілгені айтылған. Ішкі істер министрлігі бейнежазбаның толық нұсқасын тексеріп, нәтижесінде бейнежазбадағы ұшақ АҚШ-та өртті сөндіруге жұмылдырылған "Tanker Air Carrier 914" ұшағы екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бұл бейнежазба "Goal Aircraft" әуе компаниясының Facebook-тегі аккаунтынан көшіріліп алынған.   

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары хабарлағандай, өртті боялған сумен сөндіру тәжірибесі АҚШ пен Австралияда қолданылады. Бояу экипажға алдыңғы жұмыстың нәтижесін көруге және қайтадан дәл көздеуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл судың құрамында ағашқа сіңіп, өрттің таралуын кешіктіретін арнайы тыңайтқыш бар.

Оқи отырыңыз: Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды 

"Қаскүнемдер Қазақстанда түсірілген деп жариялаған өрт сөндіру кадрлары осы жылдың маусым айында АҚШ штаттарының бірінде өрт сөндіру кезінде түсірілген", - деп хабарлады ІІМ мамандары.

Оған ұшақтардағы белгілер, өрт сөндіру автокөліктеріндегі нөмірлік белгілер және бейнежазбаның толық нұсқасындағы өрт сөндірушілердің ағылшын тіліндегі сөздері дәлел бола алады.

Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертті.

Жаңалықтар
0