Айнұр Тұрсынбаева

"Жылаған жұрт тыным бермеді": Айнұр Тұрсынбаева сүйінші сұрады

13442
(Жаңартылды 15:36 13.07.2020)
Айтыскер ақын оттегі концентраторын сатып алу туралы идея қайдан келгенін атап өтті. Ол алдымен Стамбұлға парацетомол мен антибиотик іздеп барған  

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықтың ақшасына сатып алынған оттегі аппараттарын таратуға көмектесуге уәде бергенін жазды.

"Ал сүйінші! Иә, айналдырған бес күнде 825 оттегі аппаратының қаржысын жинап тастадық. Оңай болған жоқ! Дәулет, Динара Сәтжан үшеуміз 24 сағат телефонда отырып жеткен жетістігіміз осы болды. Кішкене көпшік қойып жіберсеңіздер 1000-ға жеткізіп тастауымыз мүмкін", - деп жазды ақын.  

"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады

Айнұр Тұрсынбаева қаржы жинау кезінде қалталы азаматтарға жалынып та, өлеңдетіп те жазғанын атап өтті.

"125 аппарат Түркиядан бүгін жетеді. 700 аппарат 10-15 күннің ішінде Қытайдан келеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таратуға көмектесетінін айтып қуантып жатыр", - деді ол.

Ақын оттегі концентраторын сатып алу туралы идея қайдан келгенін де айтып өтті.

"Фейсбукті ашсам қаптаған "иманды болсын", инстаграмда да  сол. Ватсапта да сол. Дәрі-дәрмек іздеп еңіреген халық. "Түркиядан дексаметазон жібер, антибиотик жібер" деп жылаған жұрт ватсапқа тыным бермеді", - деп еске алды Тұрсынбаева.

Ол алдымен 5 миллион теңгемен Стамбұлға парацетомол мен антибиотик іздеп барғанын атап өтті.

"Мен ИВЛ мен концентратор дегенді көрмек түгіл естімеппін. Дәріханада кезекті тұрып "мынау не нәрсе" деп сұрай салдым. Сөйтсем өкпесі қысылған жұртқа оттегі беретін ең қажетті дүние екен. "Ойбай-ау, бағасы қанша?!", "200 мыңдай!". Өй, жұртты шыбынша қырып бара жатқан аурудың емі түкке тұрмайтын ақша екен ғой, осыны алайық дедім. Инстаграмды бір шулатып 25 аппаратты сатып алдым. Ертесіне Қайрат Жолдыбайұлы хабарласып, мән-жайды білді де ақша жинауды бастап кетті", - деп түсіндірді ол.

"Не керек 5-6 күннің ішінде жұрттың бәрі аппарат іздеп кетті. Құдай-ау дәрігерлер бізге осыны алыңдар деп неге ертерек айтпады деп қоямын. Ең болмаса 1 ай бұрын қимылдасақ, қаншама адамды аман алып қалар ма едік", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

13442
Кілт сөздер:
коронавирус, Айнұр Тұрсынбаева
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1384)
Тақырып бойынша
Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады
Бір минут үнсіздік: Тоқаев пандемия құрбандарын еске алды – видео
Алматы дәріханаларындағы кезек: қала әкімінің орынбасары себебін түсіндірді
Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы
Ешкімге сенбеңіз: еріктілер денсаулық министріне бейнеүндеу жолдады
iPhone, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда ірі техника дүкенінде жарық сөнгенін пайдаланып қалғандар ұсталды

1289
Тұрмыстық және электронды техника сататын дүкеннің қызметкерлері 6 миллион теңгенің ұялы телефондарын ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Sulpak" дүкенінің екі қызметкері бірнеше ұялы телефон ұрлағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.   

Тергеу материалдарына сәйкес, 28 шілдеге қараған түні екі жас қызметкер түнгі ауысымда жұмыс істеген. Сол кезде жарық сөніп қалған. Олар соны пайдаланып, дүкен қоймасынан қымбат ұялы телефондарды алып шыққан. Атап айтқанда,  9 iPhone мен 11 Samsung-ті қолды еткен. Ұрланған мүліктің жалпы сомасы 6 миллион теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды  

Тергеу кезінде екеуі де ұрлық жасағанын мойындады. Ал ұялы телефондар олардың пәтерінен табылды. Екеуі бір пәтерді жалдап тұрған.  

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, ірі көлемде айыппұл салудан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, 2020 жылдың басында ұрлық ауыр қылмыстардың санатына қосылған болатын. Енді ондай әрекеттер үшін 3-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Оған қоса, кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді. Екі жақтың татуласуына рұқсат жоқ.

1289
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық, ұялы телефон
Тақырып бойынша
Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған
Ақтөбеде полиция тергеушісі ноутбук ұрламақ болды
Банк қызметкері 87 миллион теңгені қымқырып, шетелге қашып кетті
Банк қызметкері үйлену тойын жасау үшін бес жарым миллион теңге ұрлаған
Абитуриенттер

Білім министрлігі шетелде оқитын студенттерге арнайы жеңілдік ұсынды

35
Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студенттер университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирус инфекциясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу мәселесіне тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.

"Шетелдік жоғары оқу орындарының көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын", - делінген министрлік ақпаратында.

Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Қазақстандық оқу орнына ауысу үшін студент университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінуі қажет. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген

Студенттер 8 7172 74-16-24 нөміріне дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін хабарласып кеңес ала алады.

35
Кілт сөздер:
ЖОО, студенттер
Тақырып бойынша
"Жаны сұлу еді": қаза болған қазақстандық студент Канадада жерленді
Қытайдан эвакуацияланған студент Қазақстан халқына үндеу жасады
Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген
Шетелде оқитын 145 студент Қазақстанға оралды
Жітіқарада студент терезеден құлаған баланы қағып алды
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

0
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

0
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео