НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1759 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде індеттің клиникалық белгілері байқалмаған 844 тасымалдаушы бар, деп хабарлады жедел штаб.
Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):
Нұр-Сұлтан қаласы – 250 / 103,
Алматы қаласы – 229 / 43,
Шымкент қаласы – 28 / 13,
Ақмола облысы – 42 / 25,
Ақтөбе облысы – 196 / 158,
Алматы облысы – 82 / 65,
Атырау облысы – 179 / 151,
Шығыс Қазақстан облысы – 139 / 61,
Жамбыл облысы – 79 / 42,
Батыс Қазақстан облысы – 98 / 58,
Қарағанды облысы – 98 / 35,
Қостанай облысы – 45 / 21,
Қызылорда облысы – 53 / 10,
Маңғыстау облысы – 38 / 24,
Павлодар облысы – 88 / 18,
Солтүстік Қазақстан облысы – 75 / 2,
Түркістан облысы – 40 / 15.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 63514. Індеттен 35911 адам жазылып шығып, 375 адам қайтыс болды.