Зертхана қызметкері

COVID-19: Қазақстанда науқастардың саны 65 мыңнан асты

140
Маусым айында пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас анықталған. Ал шілденің алғашқы аптасында, яғни 1-8 аралығында 56 809 пациент тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 674 адам анықталды. Олардың ішінде 811 адам ауру белгілері бар пациент болса, 863-і – симптомсыз науқастар.

Жалпы, республика бойынша COVID-19 жұқтырған 65 188 адам тіркелген.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Атырау облысында - 8 515 (+218),
  • Алматы қаласында - 8 259 (+219),
  • Нұр-Сұлтанда -7 353 (+204),
  • Қарағанды облысында - 6 544 (+100),
  • Батыс Қазақстанда - 4 327 (+101),
  • Шымкент қаласында - 4 251 (+76),
  • Шығыс Қазақстана облысында - 3 509 (+133),
  • Алматы облысында - 3 379 (+88),
  • Ақтөбе облысында - 2 598 (+53),
  • Жамбыл облысында - 2 433 (+87),
  • Түркістан облысында - 2 371 (+30),
  • Маңғыстау облысында - 2 152 (+41),
  • Павлодар облысында - 2 027 (+63),
  • Қызылорда облысында -1 973 (+74),
  • Солтүстік Қазақстанда - 1 940 (+95),
  • Ақмола облысында - 1 812 (+43),
  • Қостанай облысында - 1 745 (+49).

Осы уақытқа дейін коронавирустан 39 066 науқас жазылып шықты. 396 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, маусым айында пневмониямен ауруханаға түскен науқастардың саны күрт өсті. 628 науқас көз жұмды.

Жалпы, маусымда пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас тіркелген. Ал шілденің алғашқы аптасында, яғни 1-8 аралығында 56 809 пациент тіркеліп отыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бір аптаның ішінде тіркелген 39 702 науқастың пневмониясы нақтыланбаған, бірақ  коронавирус инфекциясына көбірек ұқсайды.

140
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1364)
Тақырып бойынша
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті
Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
ноутбук, планшет

Батыс Қазақстанда 100 ноутбук алу үшін бөлінген қаржы қолды болды

2
Аудандық білім бөлімінің луаузымды тұлғалары қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлағаны үшін айыпталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай кезінде оқушыларға ноутбук сатып алуға бөлінген қаржы ұрланды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, "БҚО Қаратөбе ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлағаны үшін айыпталып отыр.

"2020 жылдың мамыр айында Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде мердігерлік ұйымның бір топ адамымен бірлесіп, 100 дана ноутбук сатып алуға бөлінген 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылы да қашықтан оқыту форматында басталады. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушыларды қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етуге тапсырма берген. Себебі, төтенше жағдай кезінде компьютерлердің тапшылығы сезілді.

4 тамызда өткен үкіметтің онлайн отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қолында ешқандай құрылғысы жоқ балалардың өзі аз емес екенін айтты. Олардың саны 185 мыңнан асады. Әсіресе, көпбалалы, жағдайы төмен және жетім балаларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

Оқи отырыңыз: Жаңа оқу жылында студенттер қалай оқиды – білім министрі түсіндірді

Министр 1 қыркүйекке дейін оқушыларға 500 мың компьютерді таратып беруге уәде берді. Бұдан бөлек, 24 мың мұғалімде арнайы құрал-жабдықтар жоқ. Оларға мектеп техникасы уақытша беріледі.

2
Кілт сөздер:
жемқорлық, оқушылар, ноутбук
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Оқушылар жаңа оқу жылында қалай білім алады – білім министрлігінің жауабы
Қазақстанда жаңа оқу жылында мектеп формасы міндеттелмейді
Жаңа оқу жылында студенттер қалай оқиды – білім министрі түсіндірді
Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер есеп бермейді – министр
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
Арыс қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру

Арыс қаласына бөлінген қаржыны ұрлаған БҚО шенеуніктері ұсталды

30
(Жаңартылды 18:39 07.08.2020)
Әкімдік қызметкерлері 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген қыруар қаражатты ұрлаған шенеуніктерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру фактісі бойынша "БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып, жымқырған", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты. Оның екеуі әскери қызметкер болса, екеуі жергілікті тұрғын. Оның бірі жасөспірім.

Оқи отырыңыз: Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті

Төрт айдан кейін Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды. Жарылыс салдарынан Арыс қаласындағы жүздеген тұрғын үй мен нысандарға едәуір зақым келіп, қоймаға жақын орналасқан ғимараттар қирап қалды.

30
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео