Пульмонолог Евгений Попов

Ресейлік дәрігер Қазақстан ауруханасында не болып жатқанын айтып берді

15007
Өкпенің 80%-і зақымданса, науқас жазылып шыға ала ма? Темекі коронавирустан қорғай ма? Тұмауға қарсы екпе салдыру керек пе? Ресейден келген дәрігерлер Sputnik Қазақстан тілшісінің сауалдарына жауап берді

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда өкпесі қатты зақымданған, пневмониямен ауырған науқастар сауыға бастады. Соңғы аптаның өзінде Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығында жағдайы ауыр бірнеше науқастың беті бері қарады.

Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар ұлттық медициналық зерттеу орталығының пульмонологы Евгений Попов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Құрамында 32 дәрігер бар ресейлік делегация 6 шілдеде Қазақстанға ұшып келді. Олардың ішінде реабилитологтар, инфекционистер, пульмонологтар, эпидемиологтар бар. Дәрігерлер топқа бөлініп, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Атырау ауруханаларына жберілді.

Ресейліктер еліне қашан оралатыны белгісіз. Ресей пульмонологы Евгений Попов әріптестерімен бірге күн сайын Нұр-Сұлтан фтизиопульмонология қалалық орталығына жұмысқа шығады.

- Қазақстанда немен айналысып жатырсыз?

- Ең алдымен консультативтік көмекті ұйымдастырып жатырмыз. Ресейдегі жұмыстан тәжірибеміз бар, тек Мәскеу мен Мәскеу облысында ғана емес, басқа аймақтарда да жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын білеміз. Сол тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз.

Екіншіден, әдістемелік көмек көрсетіледі. Ол жерде қызметкерлердің қауіпсіздігі, материалдар мен жеке қорғаныс құралдары шығынын азайтуға, әр түрлі науқастар үшін фармакотерапияны тиімді пайдалануға болатынын түсіндіру қажет. Ең бастысы – кеңес беру, себебі Қазақстанға келген дәрігердің барлығы практик-мамандар.

- Жұмыс күніңіз қалай өтеді?

-Біз бөлім дәрігерлерімен ортақ чат құрдық. Бөлім меңгерушісі қандай науқастарды бірінші кезекте қарау немесе кеңес беру, терапияны өзгерту немесе қандай да бір қосымша тағайындаулар жасау қажет екенін анықтайды. Біз сол науқастарға кеңес береміз.

Егер бөлімге бірінші рет баратын болсақ, онда барлығына бірдей кеңес береміз және қандай пациенттер терапияны түзетуді талап ететінін немесе кімді ауруханадан шығаруға болатынын анықтаймыз.

Больница, где в настоящее время работает пульмонолог из России Евгений Попов
© Sputnik / Абзал Калиев.
Ресейлік пульмонолог Евгений Попов жұмыс істеп жатқан аурухана

Мұның барлығын қазақстандық дәрігерлердің өздері де біледі, бірақ кейде олардың әрекетінің дұрыс екенін нақтылайтын қосымша пікір де қажет.

- Қазақстандық әріптестеріңіздің жұмысын қалай бағалайсыз?

- Өзім болған жерлерді "төртке бағалаймын", кімге болсын "бес" деген баға қою қиын. Науқастар саны көбейген кезде қиын жағдайда дәрігерлерге жұмыс істеу оңай емес. Көп жағдайда емдеуге аз ғана түзету енгізіп жатырмыз. Қазақстанда дәрігерлердің тәжірибесі бар, олар не істеу керек екенін біледі. Жаңа айтып өткенімдей, кейде қосымша пікір қажет.

Сондықтан осы жерде жағдайы ауыр науқастармен жұмыс істейтін барлық маманның жеткілікті тәжірибесі бар деп санаймын.

- Алматыда жақында өкпесі толық зақымдалған әйел сауығып шықты. Тәжірибеңізде мұндай жағдай жиі болып тұра ма?

- Өкпенің 80% және одан да көп бөлігі зақымданған 4-5 науқастың жағдайы тұрақтанды. Осы ауруханада жұмыс істей бастаған бір аптада жағдайы ауыр науқастар тізімінен жағдайы қалыптыларға қосылғандар да бар. Даму байқалады. Тек Алматыда ғана емес, астанада да мұндай жағдай болып жатыр.

Пульмонолог из России Евгений Попов
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер

Кейде таңғажайып оқиғалардың куәсі болып жатамыз. Өзі травматолог болып жұмыс істейтін дәрігер ауруханада ұзақ жатты. Біздің көз алдымызда аяққа тұрды деуге болады. Бастапқыда науқастың тыныс алу жетіспеушілігі 95%-ті көрсетсе, ауруханадан шығар кезде бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсарды.

- Сіздің ойыңызша, күзде қандай жағдай болады? Қазірден бастап неге дайындалу қажет?

- Коронавирус инфекциясы аяқталмайтынын түсіну керек, бұл да басқа вирусты ауру секілді болады.
Ол уақытқа дейін халықтың басым бөлігі ауырады, көбі ауру белгілерінсіз немесе жеңіл түрде өткізеді. Қазір бізде басқа вирусты инфекция жоқ. Ал қазанда күн суық болған кезде, өзге вирустар өршуі мүмкін. Сондықтан екі ауруды дұрыс ажыратып, диагностикалау қажет. Себебі емдеу тұрғысынан бұл маңызды болып саналады. Ал коронавирустың екінші немесе үшінші толқыны енді болмайды.

- Мұндай жағдайда коронавирус пандемиясы кезінде тұмауға қарсы екпе салдыруға бола ма?

- Профилактикалық вакцинация белгіленген мерзімде жүргізілуі тиіс. Тұмау эпидемиясы жылдың соңына қарай басталады. Вакцинация қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі. Иммунитет бірнеше ай бойы дамиды, нәтижесі аурудың шыңына жеткен уақытпен сәйкес келуі керек.

- Қазір коронавируспен күресудің көптеген "балама" тәсілдері пайда болды. Темекі тартатын адамдар коронавируспен жеңіл ауырып шығады деген пікір тараған соң кейбір тұрғындар темекі тарта бастады. Бұл қаншалықты рас?

- Пульмонолог ретінде нақты ештеңе айта алмаймын. Никотин тромбоциттер активаторы болып саналады, ол қан ұюды күшейтеді. Темекі тартатындар жеңіл ауырып немесе мүлде ауырмайды демеймін. Бұл да ішімдік ішу туралы миф секілді. Ішімдік коронавирустан қорғамайды және емдемейді.

- Қымыз бен саумал жайында не айта аласыз?

- Біз қымызбен саумалдың дәмін көрдік. Дәмді екен, пайдалы да шығар. Алайда қымыз бен саумалда коронавирустан қорғауға әсер ететін заттар жоқ.

15007
Кілт сөздер:
аурухана, Қазақстан, дәрігер
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1364)
Зорлық-зомбылық

Үш айлық баласын дәретхана суына тұншықтыруға тырысқан әкенің әрекеті әшкере болды

3
Әйел өзі мен балаларының зорлық-зомбылық көргенін айтып, арыз жазған соң 1976 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алматы облысында ер адамның көптен бері әйелі мен балаларын аяусыз азаптап келгені әшкере болды. Әйелін қорқыту үшін ол үш айлық баласын дәретхана суына тұршықтыруға тырысқан. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорының өкілдері мәлімдеді.

Ерлі-зайыптылар бір жылдан астам уақыттан бері бірге тұрған. Осы уақыт ішінде әбден қысым көрген әйел полицияға хабар беруге қорыққан. Бірінші некеден екі ұлы бар әйелдің соңғы күйеуінен ортақ перзентінің туғанына үш ай болған.

"3 тамызда әйелдің анасы бізге қоңырау шалып, қызының күйеуінен зәбір көріп жатқан сәті түсірілген суреттер жіберді. Оны немересі түсіріп алған екен және мұндай жайт бірінші рет емес көрінеді. Оны білім қалған ер адам телефондарды жиып, есіктерді жауып алып, оларды көмек сұрау мүмкіндігінен айырған", - деп жазды қордың негізін қалаушы Дина Смаилова.

Қоғамдық қор өкілінің айтуынша, тоғыз жасар баланың жуыну бөлмесіндегі су ағызу шүмегін абайсызда сындырып алғаны үшін ер адам жасөспірімге зәбір көрсеткен.

"Содан кейін ол анасы мен балаларды ұрып-соғып, денесін көгерткен. Тіпті, үш айлық баланы ұстап алып, әйелін қорқыту үшін дәретхана суына тұншықтыруға тырысқан. Әйелдің қабырғасы сынып, бас миы шайқалған. Сондай-ақ, үлкен ұлының да қабырғасы сынып ауруханаға түсті", - делінген жарияланымда.

Зардап шеккен әйелдің анасының айтуына қарағанда залым кісі олардың отбасына үш жыл бұрын келген және бірнеше айдан кейін әйеліне қорлық көрсете бастаған. Әрекетінің жария болмауы үшін балаларын қорқытып, қысымда ұстаған. Сонымен қатар, әйелдің шешесі ер адам төрт жасар баланы зорлаған болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Қазіргі жағдай қалай өрбуде

Дина Смаилова қазіргі кезде балалар қосымша сараптамалық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді. Ол мұндай сұмдық жағдайға қатысты ақпаратты Іле аудандық полиция бөліміне шұғыл тапсырғанын айтады.

Тиісті сала мамандары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері дереу оқиға орнына жетіп, ер адам кәмелетке толмағандарды азаптады деген күдікпен қамауға алынған.

"Не молчи" өкілдерінен осындай хабар түскен бойда іске шұғыл кірістік. Әйел өзі мен балаларының зорлық-зомбылық көргенін айтып, арыз жазды. 1976 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса, қайда хабарласу керек – "111" нөмірі қайта іске қосылды

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бап, 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты азаптау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл әрекет үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3
Кілт сөздер:
бала құқығы, зорлық-зомбылық
Тақырып бойынша
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейту керек пе – президент кеңесшісі пікір білдірді
Коронавирус, сынама

COVID-19: Бекшин қандай науқастар ең қауіпті екенін айтты

31
(Жаңартылды 17:15 07.08.2020)
Алматыда ең көп ауру жұқтыратындар 20-29 жас аралығындағы жастар, науқастардың 20,6%-і – 30-39 жас аралығындағы азаматтар

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Алматыда үй карантинін сақтамаған 15 науқас карантиндік стационарға жатқызылды. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1300-ге жуық ауру белгісі жоқ және аурудың жеңіл түрімен ауырып жатқан науқас үйде карантинде отыр. Оның ішінде 600-ден астам адамда ауру белгілері жоқ. Алайда қазір үйдегі карантин талаптары бұзылып жатыр деген ақпарат түсуде. Мұның алдында 200-ге жуық ауру ошағын тексерген кезде, 23 адам үй карантинінде отырмағаны анықталды. Бұл – алаңдататын көрсеткіш. Себебі олар ауруды таратып жүреді", - дейді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас дәрігері ауру симптомдары жоқ науқастарды ең қауіпті науқас деп атады.

"Осыны тоқтату үшін тамыздың үшінен бастап үйдегі карантинді бұзған науқастарды карантиндік стационарға орналастырып жатырмыз. Кейінгі 3-4 күнде дәл осы себеппен 18 адам стационарға жатқызылды. Оның ішінде өз еркімен үш адам стационарға келді. Олар үйінде жалғыз оқшаулануға мүмкіндігі жоқ адамдар", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Бекшиннің айтуынша, қазір арнайы топ үй карантиніндегі ауру белгілері жоқ науқастарға қоңырау шалады. Егер олар үйде болмаса, әкімшілік шаралар қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес, 83 340 теңге көлеміндегі айыпұл төлейді. Егер адам айыппұлды бір апта ішінде төлесе, онда бұл сома 50 процентке азаяды. Ал сол уақыт арасында біреуге инфекция жұқтырса, қылмыстық іс қозғалады. Сонымен қатар Жандарбек Бекшин қалада инфекция жұқтырғандардың азайып жатқанын хабарлады. 

"Алматыда бір ай ішінде коронавирус жұқтырудың күн сайынғы өсімі 4,2%-тен 1,4%-ке дейін төмендеді. Инфекция таралуының шыңына жеткен кезде бір науқас төрт адамға инфекция жұқтыруы мүмкін болса, қазір бұл көрсеткіш 0,9%-ке дейін төмендеді. Демек, қазір бір науқас бір адамға инфекция жұқтырады. Бұл індеттің таралуының төмендегенін көрсетеді", - деді Бекшин.

Айта кетсек, жетінші маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша 12 997 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның ішінде 7 897 адамда ауру белгілері бар, ал қалған 5 110 адамда ауру белгілері жоқ.

Алматыда ең көп ауру жұқтыратындар 20-29 жас аралығындағы жастар, олар науқастардың 21%-ін құрайды, науқастардың 20,6%-і – 30-39 жас аралығындағы азаматтар. Ал алпыс жастан асқан науқастар инфекция жұқтырғандардың 17,7%-ін құрайды.

 

31
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, Алматы, науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1364)
Тақырып бойынша
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты
Бетперденің бағасы арзандайды – денсаулық министрлігі
Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина қашан тіркеуден өтетіні белгілі болды
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Damumed дауы: жалған мәлімет енгізген өңірлер аталды