Қоғам

Алматыда коронавирус инфекциясымен күресудің жаңа стратегиясы әзірленді

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуТест-система для определения антигена коронавируса
Тест-система для определения антигена коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Надыровтың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі бекіткен клиникалық хаттамаға сәйкес, талдау нәтижесін күтпестен коронавирус диагнозын қоюға болады

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Алматыда коронавирусқа қатысты күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциямен күресудің жаңа стратегиясы әзірленді. Соған сәйкес, енді емханалар провизорлық және инфекциялық болып бөлінбейді. Бұл жайында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Науқастар ағынын басқару тәсілдерін өзгертіледі. Яғни, бұдан былай клиникаларды провизорлық және инфекциялық бейіндерге бөлу принципі болмайды.

"Қазір провизорлық стационарларға келіп түсетін барлық науқаста коронавирус диагнозы расталғандықтан науқастарды провизорлық және инфекциялық стационарлар арасында бөлудің ешқандай мағынасы жоқ", - деді Надыров.

Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі бекіткен клиникалық хаттамаға сәйкес, коронавирустың бар-жоғын көрсететін талдау нәтижесін күтпестен, рентгенологиялық немесе компьютерлік томография зерттеулерінің қорытындысы бойынша коронавирус диагнозын қоюға болады.

Стационарлар үш эшелонға бөлінді

"Жаңа стратегия пациенттерді ауруының ауырлық дәрежесіне байланысты емдеуге жатқызумен шектеледі. Стационарларды үш эшелонға бөлдік.

Бірінші эшелонға дайын материалдық-техникалық базасы, реанимация бөлімшелері және қарқынды терапия палатасы бар клиникалар енді. Қазір қалада осындай бес аурухана бар", - деді басқарма басшысы.

Ол жерлерде науқастарға арналған 1 850 төсек-орын бар.

Ал емханалардың екінші тобында 1 875 төсек-орын бар 16 қайта бейінделген клиника базасы жұмыс істейді.

"Үшінші эшелонға 1 350 төсек-орын бар екі ұйымды кіргіземіз. Оның бірі 1 000 төсек-орын бар Halyk Arena базасында ұйымдастырылған кешен. Ол жерде жуырда 60 орынға арналған жансақтау бөлімі ашылады", - деді Надыров.

Оқи отырыңыз: COVID-19: Қазақстан мен Ресейдің емдеу хаттамасы неге әртүрлі

Сондай-ақ, "Қазақстан" мен "Көктем" шипажайларында төсек-орындарды одан әрі ұлғайту жоспарда бар.

Айта кетейік, Алматыда 8259 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 4 945 адам жазылып шықты, 54 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0