Телефон, компьютер

42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр

3843
(Жаңартылды 15:36 17.07.2020)
Өтінім берушілердің көп болуына байланысты 42 500 сайты істен шықты. Дәл қазір ресми сайтта 25 000-ге жуық қазақстандық өтінім беріп жатыр

АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Әлеуметтік төлемге өтінім беруге арналған ресми 42500.enbek.kz порталы қолданушылардың көп болуына байланысты істен шықты.

Бүгін, 17 шілдеден бастап Қазақстанда карантин шектеулеріне байланысты табысынан айырылған азаматтар үшін 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Өтінімдер қазірден бастап қабылданады, алайда дәл қазір өтінім беруші санының көптігіне байланысты мұны жүзеге асыру мүмкін емес.

"Сайтта қолданушылардың көп болуына байланысты дәл қазір барлық ресурс бос емес. Сайтта бір мезгілде 25 000-ге жуық адам өтінім беріп жатыр. Барлық өтініш міндетті түрде қабылданады. Біраз уақыттан кейін қайталауды сұраймыз",- делінген сайттың басты бетінде.

Айта кетейік, өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі порталға жүктемені арттырмау үшін 42 500 теңгеге бірнеше рет өтінім бермеуді сұраған болатын.

42 500 теңгені кімдер алады:

  • жалақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы жұмысшылар;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысып жүрген тұлғалар;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен істеп жүргендер;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеп жүрген жеке тұлғалар.

 

3843
Кілт сөздер:
жәрдемақы, сайттар
Тақырып бойынша
"ЕСП" төлеп, 50 000 теңге ал": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді
"SMS жолданады, 1 санын басыңыз": кімдер өтініш бермесе де 42 500 теңге алады
Сарапшылар жәрдемақыны әр балаға төлеу жайлы: "42 500 емес, 73 000 болуы керек"  
Министр 42 500 теңгені бала санына қарай төлеу туралы ұсынысқа пікір білдірді
42 500 теңге: министрлік декретте жүрген әйелдерге қатысты шешім қабылдады
Ербол Оспанов

Елбасының бұрынғы бас ұшқышы "Барыс" орденімен марапатталды

82
(Жаңартылды 19:52 13.08.2020)
"Барыс" ордені Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы Ербол Оспанов II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

"Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен "Эйр Астана" АҚ Боинг 757/767 командирі Оспанов Ербол Абылайұлы ІІ дәрежелі  "Барыс" орденімен марапатталды", - деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Мемлекеттік марапатты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов табыс етті.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы болған Ербол Оспанов Sputnik Қазақстан тілшісіне Елбасының қандай жолаушы екенін және Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалай борт-радист болғанын айтып берді.

Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді. 2020 жылы зейнетке шықты. 

Ол 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. 
Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен біріккен авиаотрядының Ан-2 ұшағының екінші пилоты қызметінен бастады.

Пилот Ербол Оспанов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді

Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті экипажының шеф-пилоты, Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының" ұшу қызметі жөніндегі директордың орынбасары, Боинг-757, 767 командирі, "Orient EagleAirways" АҚ шеф-пилоты, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2005-2018 жылдары "Эйр Астана" АҚ вице-президенті, 2018 жылдан бастап әуе кемесінің командирі болды.

9 маусымда Оспанов 65 жасқа толды. Ол өзінің кәсіби мансабында 21 мың сағат ұшып, демалысқа шықты, бұл шамамен 2,5 жылға тең. Ол өзінің кейінгі рейсін Боинг-767 ұшағымен Лондон-Алматы бағыты бойынша жасады.

"Барыс" ордені кімге беріледі

"Барыс" ордені 1999 жылы енгізілді. Ол үш дәрежеден тұрады. Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі.

Сондай-ақ мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін беріледі.

82
Астана көрінісі

Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі - комиссия отырысы өтті

1946
(Жаңартылды 19:41 13.08.2020)
Мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастау жоспарын бекітті

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Мемлекеттік комиссия карантинді жеңілдетуге байланысты жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Жұмысына қайта кіріседі

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (аумағының 30%-нен аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м); 
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды); 
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондар (арақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді;
  • Сондай-ақ, 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес) рұқсат етіледі.

17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекция жасап, орын толуына қарай жүре бастайды. 

Тыйым салынады

  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;
  • барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
  • мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; діни нысандардың жұмысына;
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

Қазақстанда карантин шаралары күшіне енгізілген кезеңде эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылып, медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай төмендегені айтылып отыр. Вирусты жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-тен 0,5%-ке дейін төмендеді. Сауығып шыққан адамдар саны 76%-ке жетті.

1946
Кілт сөздер:
карантин, Қазақстан
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма – әкім жауап берді
Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды
Нұр-Сұлтанда мейрамханалар карантин кезінде жұмыс істеген
Төбелес, иллюстративті фото

"Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген": Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

210
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

210
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді