Қоғам

Алексей Цой коронавирустан қанша адам қайтыс болғанын айтты

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАппарат для ИВЛ
Аппарат для ИВЛ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы уақытқа дейін коронавирус індетінен 40 256 науқас жазылып шығып, 464 адам қайтыс болды, деп атап өтті министр

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан қайтыс болғандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда 66 895 науқас тіркелді. Олардың 26 175-і ем алып жатыр. Осы уақытқа дейін 40 256 науқас жазылып шықты. Ал 464 науқас коронавирустан қайтыс болды", - деді Цой онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс – Тоқаев

Министрдің айтуынша, бүгінде күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 700-1 800 адам анықталып отырады.

Жаңалықтар
0