Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктіріледі

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі коронавирус індетін жұқтырған науқастарды тіркеудің жаңа тәсілі енгізілгенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Қазақстанда 1 тамыздан бастап коронавирус және пневмония ауруларының статистикасы біріктіріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр коронавирустан бөлек пневмонияға шалдыққан науқастардың көбейгенін атап өтті. Бірақ пневмониямен түскендердің ПТР-тесті COVID-19 инфекциясын көрсетпей жатады. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі науқастарды тіркеудің жаңа тәсілін енгізуге шешім қабылдады.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросымен консультация өткіздік. Соның негізінде COVID-19 жағдайларын халықаралық классификацияның жаңа кодтары бойынша тіркеуге шешім қабылдадық. Осылайша, зертханада расталған коронавирус жағдайлары ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмониялармен біріктіріледі", - деді Цой онлайн брифингте.

Министр 12 шілде күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан COVID-19 жағдайларын жаңа форматта тіркеуге қатысты ресми хат келгенін хабарлады.

Оқи отырыңыз: Алексей Цой коронавирустан қанша адам қайтыс болғанын айтты 

"Осы уақытқа дейін Қазақстанда зертханада расталған COVID-19 жағдайлары ғана тіркеліп келді. Әлем елдерінің көбісі солай істейді. Алайда маусымның үшінші тоқсанынан бастап вирустық пневмониялар көбейіп кетті. Оның қоздырғышы да анықталмады, яғни, зертханада нақтыланған жоқ. Енді, COVID-19 жұқтыру және одан қайтыс болу туралы статистика екі мәліметке негізделеді. Олар – зертханада расталған жағдайлар және нақтыланбаған, бірақ коронавирусқа ұқсас вирусты пневмониялар", - деп түсіндірді Цой.

Қазақстанда науқастарды тіркеудің жаңа тәсілі 1 тамыздан бастап қолға алынады.

Жаңалықтар
0