Ауыс-түйіс, иллюстративті сурет

Тоқаев тағы бір кеңесшісін қызметінен босатты

4730
(Жаңартылды 16:33 20.07.2020)
Бағдат Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне биыл наурызда тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Бағдат Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды", - делінген өкімде.

Мусин бұл қызметке осы жылдың наурызында тағайындалған еді.

Бұған дейін мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновты қызметінен босатты.

Бағдат Мусин туралы не білеміз

Ол 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келді.

Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Тағы оқыңыз: Министр Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды

2011-2012 жылдары ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды.

2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бағдат Мусин бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетіне 2017 жылдың қаңтарынан төрағалық етті. Оған дейін үш жыл "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды.

2020 жылдың наурызынан бүгінге дейін президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілін меңгерген.

4730
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Бағдат Мусин, тағайындау
Тақырып бойынша
Президент Дәурен Абаевты қызметінен босатты
Тоқаев кеңесшісін қызметінен босатты
ноутбук, планшет

Батыс Қазақстанда 100 ноутбук алу үшін бөлінген қаржы қолды болды

2
Аудандық білім бөлімінің луаузымды тұлғалары қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлағаны үшін айыпталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай кезінде оқушыларға ноутбук сатып алуға бөлінген қаржы ұрланды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, "БҚО Қаратөбе ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар қызмет бабын пайдалана отырып, ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлағаны үшін айыпталып отыр.

"2020 жылдың мамыр айында Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде мердігерлік ұйымның бір топ адамымен бірлесіп, 100 дана ноутбук сатып алуға бөлінген 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылы да қашықтан оқыту форматында басталады. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушыларды қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етуге тапсырма берген. Себебі, төтенше жағдай кезінде компьютерлердің тапшылығы сезілді.

4 тамызда өткен үкіметтің онлайн отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қолында ешқандай құрылғысы жоқ балалардың өзі аз емес екенін айтты. Олардың саны 185 мыңнан асады. Әсіресе, көпбалалы, жағдайы төмен және жетім балаларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

Оқи отырыңыз: Жаңа оқу жылында студенттер қалай оқиды – білім министрі түсіндірді

Министр 1 қыркүйекке дейін оқушыларға 500 мың компьютерді таратып беруге уәде берді. Бұдан бөлек, 24 мың мұғалімде арнайы құрал-жабдықтар жоқ. Оларға мектеп техникасы уақытша беріледі.

2
Кілт сөздер:
жемқорлық, оқушылар, ноутбук
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Оқушылар жаңа оқу жылында қалай білім алады – білім министрлігінің жауабы
Қазақстанда жаңа оқу жылында мектеп формасы міндеттелмейді
Жаңа оқу жылында студенттер қалай оқиды – білім министрі түсіндірді
Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер есеп бермейді – министр
Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді
Арыс қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру

Арыс қаласына бөлінген қаржыны ұрлаған БҚО шенеуніктері ұсталды

31
(Жаңартылды 18:39 07.08.2020)
Әкімдік қызметкерлері 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген қыруар қаражатты ұрлаған шенеуніктерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру фактісі бойынша "БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып, жымқырған", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты. Оның екеуі әскери қызметкер болса, екеуі жергілікті тұрғын. Оның бірі жасөспірім.

Оқи отырыңыз: Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті

Төрт айдан кейін Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды. Жарылыс салдарынан Арыс қаласындағы жүздеген тұрғын үй мен нысандарға едәуір зақым келіп, қоймаға жақын орналасқан ғимараттар қирап қалды.

31
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео