Қоғам

Тұзды су коронавирус инфекциясын жоя ала ма – инфекционист жауабы

© Sputnik / Ирина СемибратоваКобейтуз
Кобейтуз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласынан 200 шақырым қашықта орналасқан тұзды көлдер жүйесіне астаналықтар жаппай ағылып баруды әдетке айналдырған болатын

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова тұзды суда коронавирус өледі деген болжамды жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус тұзды суда өледі деген қауесет инфекция төңірегінде тараған аңыздардың бірі. Ал коронавирус барлық дезинфекциялық құралға, антисептикке сезімтал келеді. Қолды антисептикпен дұрыс тазалау, қолды дұрыс жуу кезінде коронавирус өледі", – деді инфекционист.

Сонымен қатар маман вирустың сыртқы ортада 96 сағат бойы сақталатынын және дүкеннен сатып алған азық-түлікті тазалауды ұсынды.

"Бұған дейін де вирустың сыртқы ортада 96 сағат бойы сақталатыны айтылды. Азық-түлікті әдеттегідей өңдеу қажет. Дезинфекциялаушы құрал немесе сабынмен өңдеудің қажеті жоқ, алайда оларды тазарту керек", – дейді маман.

Айта кетейік, Алматыда 9 143 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 5 288 адам жазылып шықты, 54 науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Астана іргесіндегі Көбейтұз көлі туристер үшін жабылды

Сондай-ақ, елде карантин мерзімінің ұзартылуына байланысты Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының әкімдігі тұзды Көбейтұз көліне адамдардың келуіне тыйым салды. Ал Нұр-Сұлтан қаласынан 200 шақырым қашықта орналасқан тұзды көлдер жүйесіне астаналықтар жаппай ағылып баруды әдетке айналдырған болатын.

Жаңалықтар
0