Телефон, ақша, 42 500 теңге

Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

1967
(Жаңартылды 19:06 20.07.2020)
Карантин ұзартылса, тамызда 42 500 теңге төлене ме, зейнеткерлер әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы ма, жалақысы қысқарғандар өтінім бере ала ма, осы және өзге де сұрақтарға еңбек министрлігі жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сауалдарға жауап берді.

Мүгедектер, зейнетақы мен жәрдемақы алатындар, студенттер 42 500 теңге ала ма?

Біржолғы төлем келесі санаттарға төленеді:

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
  • жеке кәсіпкерлерге;
  • жеке практикамен айналысатын адамдарға;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер.

Егер сіз жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкер, соның ішінде бірыңғай жиынтық төлемін тұрақты төлеуші (ай сайын) болсаңыз және карантинге байланысты табысыңыздан айырылсаңыз, біржолғы төлем алуға құқылысыз.

Бұл ретте жалдамалы жұмысшылардың атынан жұмыс беруші өтініш береді.

Декреттік демалыста (жүкті әйелдер) және 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыста жүрген адамдарға 42 500 теңге төлене ме?

Егер әйел жүктілікке және босануға байланысты декреттік демалыста болса, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа шықса, онда оған біржолғы әлеуметтік төлем төленбейді.

Тағы оқыңыз: Министрлік қанша адамға 42 500 теңге тағайындалғанын айтты

Өзге жағдайда, егер ол жалдамалы жұмысшы болса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған болса (кем дегенде бір рет БЖТ төлеген, мысалы, төтенше жағдай кезінде немесе күшейтілген шектеулер енгізілгенге дейін), онда карантинге байланысты шілде айында табысын толықтай жоғалтқан жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемге өтініш бере алады.

Жұмыссыздар 42 500 теңге алуға құқылы ма?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде төленеді.

Төлем тағайындау үшін жұмыссыз қалған азаматтар не істеуі керек

  • Egov.kz порталында авторизациялану;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды  тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және өтінімге ЭЦҚ-мен қол қойып, жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде жұмыссыз статусы қашықтан беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болса, еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Егер келіссеңіз, SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

МӘСҚ есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем азаматтарға жұмыстан шығу себебіне қарамастан беріледі.

42 500 теңгеге өтінімді қайда беруге болады?

  • egov.kz –веб-порталы;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • telegram-bot-тар;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілерге біржолғы төлемді проактивті, яғни автоматты түрде тағайындау үшін sms-хабарлама жіберілуде.

18 шілдеден БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.

Тағы оқыңыз: Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа порталдар  арқылы өтінім берудің қажеті жоқ. Себебі sms-хабарламаға жауап бергеннен кейін, төлем автоматты түрде тағайындалады.

17 шілдеден жеке кәсіпкерлерден, жеке практикамен айналысатындардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын азаматтардан өтінім қабылданады.

Жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші береді. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданып жатыр.

42 500 теңгеге өтінімдер қай уақытқа дейін қабылданады?

Біржолғы төлем тағайындау туралы өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Егер карантин ұзартылса, тамызда 42 500 теңге аламыз ба?

Біржолғы төлем бір рет тағайындалады және ең төменгі жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) белгіленеді.

42 500 теңге осы жылдың шілде айына ғана төленеді.

Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 42 500 теңгеге өтініш беруден бас тартса, не істеу керек?

Жұмыс беруші әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы.

Ауылда интернет болмаса, өтінішті қалай беремін?

Қазіргі уақытта барлық дерлік елді мекенде, жоқ дегенде, мобильді интернет қолжетімді екенін ескере отырып, сіз телеграмм боттары мен екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз.

Тағы оқыңыз: "ЕСП" төлеп, 50 000 теңге ал": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

Егер бірреттік төлемді тағайындау туралы SMS-хабарлама алсаңыз, онда сізге өтініш жіберудің қажеті жоқ, хабарламаға жауап берсеңіз жеткілікті.

Егер жалдамалы жұмысшы болсаңыз және ақысыз демалысқа шықсаңыз, өтінімді жұмыс беруші (заңды және жеке тұлғалар) береді.

Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер өтінімді өз бетінше беруі керек.

Өтінім қанша уақыт қаралады?

Шектеу шараларына байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, өтінішті қарау және бірреттік әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

1414 нөмірінен 42 500 теңгені тағайындау туралы SMS алдым және оған не деп жауап беруім керек?

Егер сіз 42 500 теңге алуға келіссеңіз, жауап ретінде "1" нөмірін жібересіз. Егер бас тартсаңыз, "2" санын басасыз.

Өткен жолы да 42500 теңге алдым, SMS келгенімен, жауап жіберілмей жатыр. Не істеу керек?

Төлемді проактивті, яғни өтінішсіз тағайындау үшін келген SMS-хабарламаға 5 күнтізбелік күн ішінде жауап беру қажет. Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін:

  • телефон балансында ақша 1 теңгеден аз;
  • телефон баптауында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған;
  • баптауда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және MMS-хабарламалар басымдыққа ие;
  • байланыс сапасына байланысты;
  • ұялы байланыс операторларындағы түйткілдер.

1414 нөмірінен 42 500 теңге төлемін тағайындауды растау туралы SMS-хабарлама алдым. Бірақ онда менің ЖСН көрсетілмеген, қалай жауап беру керек, кімге хабарласуға болады?

SMS-хабарлама мұның алдында төлем алған азаматтарға жіберілді. Егер сізге келген SMS-хабарламада басқа адамның ЖСН-і болса, хабарламаға жауап берудің қажеті жоқ.

Жалақымды қысқартса, 42 500 теңгеге өтініш бере аламын ба?

Біржолғы төлем бір рет тағайындалады және шектеу шараларын енгізуге байланысты шілдеде кірісінен толықтай айырылған жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

Осылайша, егер табысыңыздан толық айырылмасаңыз, төлем тағайындалмайды.

Сырқаттанып, еңбекке жарамсыздық парағын ашсам, 42 500 теңге ала аламын ба?

Ауырып қалып, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалмайды.

Тағы оқыңыз: Сарапшылар жәрдемақыны әр балаға төлеу жайлы: "42 500 емес, 73 000 болуы керек"

Еңбек кодексінің 133-бабына сәйкес, жұмыс беруші еңбекке уақытша жарамсыз жұмысшыларына өз қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеуі тиіс.

Банкте шотым жоқ, әйелімнің шотын көрсетіп, 42 500 теңгеге өтінім бере аламын ба?

Өтініш берген кезде адам тек өзінің банктік шотын көрсетуі тиіс.

Біржолғы әлеуметтік төлем ЖСН, аты-жөні мен банктік шот нөмірі сәйкес келген жағдайда ғана, шотқа аударылады.

Біржолғы төлемге өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады, сәйкесінше осы мерзім ішінде сіз өзіңізге ыңғайлы банкке хабарласып, шот аша аласыз.

Жеке кәсіпкерлер 42 500 теңге алу үшін қай күннен бастап табыссыз қалған болуы керек?

Осы жылдың 5 шілдесінен бастап (Қазақстанда шектеу шаралары күшейтілген күн) кірісін толығымен жоғалтқан жеке кәсіпкерлер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтініш бере алады.

Табысының жоғалғанын аудандық (қалалық) штабтар "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып растайды.

1967
Кілт сөздер:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, карантин, әлеуметтік төлем
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (602)
Тақырып бойынша
Шілдеге берілетін 42 500 теңге: әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады
Кімдер 42 500 теңгеге өтінімді 19 шілдеден бастап береді?
Жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды
42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр
Архивтегі фото

Отставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөні жарияланды

4562
(Жаңартылды 21:19 14.08.2020)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі отставкаға жіберу туралы екі өтінішті қарап жатыр. Шешім президент әкімшілігімен келісіле отырып қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі отставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөнін жариялады. Олардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық жасағаны дәлелденген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі отставкаға жіберу туралы екі өтінішті қарап жатыр.

"Біріншісін 28 шілде күні оның орынбасары Федяев жазды. Себебі 25 шілде күні сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Қалабаевқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, 3 тамызда Ақжар ауданының әкімі Мадияров та өтініш берді. Оның орынбасары Досымбеков өз кінәсін мойындап, келтірген залалдың көлемін өтеді. Оған қатысты тергеу шаралары тоқтатылған болатын.

Оқи отырыңыз: Облыс әкімі орынбасарының заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды 

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 60-бабы, 2-тармағына сәйкес отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім бір ай мерзімде президент әкімшілігімен келісіле отырып қабылдануы тиіс", - дейді агенттік мамандары.

Отставкаға тағы кім өтініш жазады

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық бойынша бірқатар іс сотта қаралып жатыр. Айыптау үкімдері заңды күшіне енген жағдайда отставкаға кету туралы өтінішті төмендегі лауазымды тұлғалар беруі тиіс:

  1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаев. Оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім 3 шілдеде шықты, прокуратураның наразылығы бойынша отырыс 25 тамызға тағайындалды.
  2. Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Есбаев. Апелляцияға өтініш берілмесе, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Құрманалиевке қатысты үкім 15 тамызда күшіне енеді.
  3. Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Өнербаев. 22 тамыз күні Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Норқұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енеді.
4562
Кілт сөздер:
шенеуніктер, отставка
Тақырып бойынша
Министрлер мен әкімдер отставкаға кетеді: Бектенов жаңа заңды түсіндірді
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
Алтай Көлгінов өзінің отставкасы туралы сұраққа жауап берді
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 
Архивтегі фото

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы ұсталды

1618
(Жаңартылды 18:55 14.08.2020)
Ол медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған, хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. "СК-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басшысы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол төтенше жағдай жарияланған кезеңде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған.

"СК-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ресми хабарламада.

14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

"Соңғы шешімді сот шығарады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді агенттік қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

12 шілдеде "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Ерхат Есқалиев тағайындалды.

 

1618
Тақырып бойынша
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
"СК-Фармация" басшылығы қазақстандықтардан кешірім сұрады
"СК-Фармация" басшысы атышулы фотосын не себепті алып тастағанын түсіндірді
Министрлік тегін дәрі алу үшін не істеу керек екенін айтты
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара