Қоғам

Нұр-Сұлтанда компьютерлік томография тәулік бойы жұмыс істейтін болды 

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуКомпьютерная томография
Компьютерная томография - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлгінов қатаң карантиннің арқасында қаладағы жағдай тұрақталып жатқанын атап өтті.  Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 64%-і жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Елордада 21 шілдеден бастап компьютерлік томография тәулік бойы жасалады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгіннен бастап тұрғындар тәулік бойы компьютерлік томографпен тексеріле алады", - деді Көлгінов үкімет отырысында. 

Айтуынша, қосымша екі компьютерлік томограф сатып алынады. Қазір қаланың 17 медициналық ұйымында компьютерлік томографтар мен рентген аппараттары жұмыс істеп тұр. Маусым-шілде айларында 20 мыңнан астам адам тексеруден өтті. 

"Егер карантин басталғанда күніне 300 тест жасайтын бір ғана зертхана болса, қазіргі кезде тоғыз зертхана жұмыс істейді. Олар күніне бес мыңға жуық тест жасайды", - деді әкім. 

Осы уақытқа дейін 270 мыңнан астам ПТР тест жасалған. 

Көлгінов қатаң карантиннің арқасында қаладағы жағдай тұрақталып жатқанын атап өтті. 

Елорда басшысының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 8619 адамға жетті. Оның 5511-і немесе 64%-і жазылып шықты.  212 адам қайтыс болды. 
Қазір 2262 пациент стационарларда емделіп жатыр. Ауыр хәлдегі науқастар саны 30%-кее азайған.

Жаңалықтар
0