Ақша, теңге

42 500 теңгені алу ережесі жарияланды 

9727
(Жаңартылды 12:46 21.07.2020)
Өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Біржолғы төлем тағайындауға өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктермей жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылғандара біржолғы әлеуметтік төлемді беру ережесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

42 500 кімге беріледі?

Біржолғы төлем шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты шілде айында кірістен айырылу жағдайында бір рет тағайындалады және бір ең төмен жалақы мөлшерінде белгіленеді. 
Біржолғы төлем келесі санаттарға тағайындалады:

  1. екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен бірге жұмыс істейтін заңды тұлғалардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінен басқа), акциялары және жарғылық капиталындағы үлесінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жұмыскерлерін қоспағанда жалақысы сақталмай, демалысқа шыққан жұмыскерлерге; 
  2. жеке кәсіпкерлерге;
  3. жеке практикамен айналысатын адамдарға;
  4. азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;
  5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаларға.

42 500 кімге берілмейді

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық және қалалық штабтар барлық өтінішті қарайды. Штабтардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақ өкілдері кіреді. Шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан толық айырылмаған адамдарға біржолғы төлем берілмейді. Атап айтқанда: 

• жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын жеке тұлғаның қызметі шектеу шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда; 

•  жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы адамдарға; 

• еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;

•  ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлемін аудармағандарға;

• азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) түспеген  жеке тұлғаларға; 

• зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылмаған адамдарға және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, шектеу іс-шаралары енгізілген кезеңде алғаш рет бірыңғай жиынтық төлемін төлеген адамдарға; 

• толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;

• біржолғы төлем алушының жоғалтылған кірісі қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайды.

Өтініш қалай жіберіледі

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін және олардың тиісті талаптарға сай болуын жұмыс беруші айқындайды. Сондай-ақ, өз атынан өтініш береді. Ал жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатындар өтінішті өздері жібереді. 

Өтініш беруші ұсынылған ақпарат пен мәліметтердің дәйектілігін жауап береді. Біржолғы төлем тағайындау туралы өтінішті бірнеше жолмен жіберуге болады. Олар:

- "Электрондық үкімет" веб-порталы;

- Enbek.kz порталы; 

- адамдар үшін – электрондық үкіметтің telegram-bot-ы және  42500.enbek.kz aitu-bot порталы арқылы; 

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары; 

- осы ереженің 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы көрсетіледі. Бұл жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш талап етілмейді. Бір жолғы төлем тағайындауға келісім алу үшін ұялы телефонға СМС хабарлама жіберіледі;

Өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Біржолғы төлем тағайындауға өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктермей жіберіледі.

 

9727
Кілт сөздер:
карантин, жәрдемақы, теңге
Тақырып бойынша
Шілдеге берілетін 42 500 теңге: әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады
Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді
Кімдер 42 500 теңгеге өтінімді 19 шілдеден бастап береді?
42 500 теңгеге өтінім берудің жаңа әдісі іске қосылды
Министрлік қанша адамға 42 500 теңге тағайындалғанын айтты
Дәрі-дәрмектер мен емдік шаралар

Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады

3884
(Жаңартылды 18:06 10.08.2020)
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, бүгінде ең пессимистік болжамдар негізге алынады. Соның арқасында денсаулық жүйесін барынша дайындап қоюға мүмкіндік бар

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жыл сайын вирустық инфекциялар мен тұмауға 1 миллионға жуық адам шалдығады. Күзде оған коронавирус та қосылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл күзде коронавирус күшейеді деген болжам бар. Сол кезде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымы басталады. Соның аясында коронавирустың жаңа толқыны болады деген болжам бар", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, соңғы 5-7 жылдың ішінде Қазақстанда қазан мен наурыз аралығында ЖРВИ мен тұмауға шалдыққандардың жалпы саны 600 мыңнан бастап 1 миллион адамға дейін барған.

"Демек, осы жолы да ЖРВИ мен тұмауға шалдығатындар аз болмайды. Оған коронавирустық инфекция да қосылуы мүмкін", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ең пессимистік болжамдар негізге алынады. Соның арқасында денсаулық жүйесін барынша дайындап қоюға мүмкіндік бар.

Дәрі-дәрмек қорына қатысты мәселе қалай шешілуде

Министрліктің ресми өкілі дәрі-дәрмектің қорына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, "СК-Фармация" ЖШС жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті аймақтарға жіберді. Бұл препараттар орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленеді.

Оқи отырыңыз: Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

Ал  амбулаторлық деңгейде, яғни, үйде ем алатын науқастарға арналған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұмыстары аяқталуға жақын. Ол препараттар 1 миллион пациентке жетеді. Тегін дәрілердің ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Бұның барлығы емхана арқылы таратылады.

3884
Кілт сөздер:
тұмау, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды
Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады
Цой: солтүстік жарты шарда тұмау ауруы белең алып барады
Дәріхана, архивтегі сурет

Министрлік тегін дәрі алу үшін не істеу керек екенін айтты

106
(Жаңартылды 17:43 10.08.2020)
Коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққан пациенттерге дәрі-дәрмектің бір айлық қоры сатып алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы тегін дәрілерді тарату мерзімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, амбулаторлық деңгейде, яғни, үйде ем алатын науқастарға арналған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұмысы аяқталуға жақын. Ол препараттар 1 миллион пациентке жетеді. 

"Мұндай шаралар алғаш рет қабылданып отыр. Вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз, тіркелген емханаңызға қаралуға болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыз. Барлық емханада қажетті дәрі-дәрмек бар және тегін беріледі", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, аурудың алдын алуға арналған "Парацетамол", "Ибупрофен", сондай-ақ, тағы үш коагулянт аптаның соңына дейін барлық емханаға жеткізіледі. Кейін ол дәрілер науқастарға тегін таратылады. 

Айта кетейік, 15 шілдеде денсаулық сақтау министрлігі жанындағы бірлескен комиссия клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясына тағы түзету енгізді. Дәрігерлер "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"  сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдапты. Себебі шетелдік ғалымдар бұл дәрілерді коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген. 

Соңғы хаттамаға коронавирустан амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу үшін дене қызуын басатын дәрілер мен инъекциялық емес антикоагулянттар да қосылды. Олардың ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Үйде емделетін науқастар үшін осы дәрі-дәрмектің бәрі тегін таратылады. Ал барлық шығын медицининалық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, ауруханада емделетін науқастар үшін де ем-дом бар. Коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққан пациенттерге дәрі-дәрмектің бір айлық қоры сатып алынды. 

"Қазіргі кезде осы жұмысқа жауапты бірыңғай дистрибьютор ("СК-Фармация" ЖШС - Sputnik) жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті аймақтарға жіберді. Бұл препараттар орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленуде. Атап айтқанда, стационарда 200 мың науқасты емдеуге жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі жеткізіледі", - деп атап көрсетті Қожахмет.

106
Кілт сөздер:
денсаулық, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19: денсаулық министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті
Қауіпті синдром – балаларда анықталып жатқан дерт туралы ақпарат жарияланды
Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады
Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0