Қоғам

Ауруханаға түсетін науқастардың 90%-і пневмонияға шалдыққан – дәрігер

© Sputnik / Владислав ВодневВрачи работают с документами в отделении интенсивной терапии в Нур-Султане
Врачи работают с документами в отделении интенсивной терапии в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аурухананың бас дәрігері ауруханада дәрі тапшылығы жоқ екенін, күнделікті қажетті дәрі-дәрмек жеткізіліп отырғанын айтты

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түсетін науқастардың 90%-інде пневмония бар. Бұл жайында аурухананың бас дәрігері Ержан Сералин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қаладағы балалар ауруханасы наурыздан бері ересектерді де қабылдап жатыр.

"Ауруханада 240 төсек-орын бар, ол жерде балалар мен ересектерді емдеп жатырмыз. Ем клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Емдеуді дәрі-дәрмекпен және дәрі-дәрмексіз деп бөлуге болады. Емді бастардың алдында аурудың қандай деңгейде екенін анықтамыз. Алдымен компьютерлік томография, рентген жасаймыз. Сол жерде пневмонияның бар-жоғы анықталады. Келген науқастардың 90%-інде пневмония болады", - деді дәрігер.

Аурухананың бас дәрігерінің айтуынша,көп адам ауруханаға түсер алдында әртүрлі ем қабылдайды. Ол науқастың жағдайын ауырлатады.

"Антибиотиктер, гормондық препараттар қабылдайды. Науқастар антикоагулянттарды үйінде қабылдап, асқынумен түсіп жатыр. Ондай күрделі дәрілерді үйде қабылдауда болмайды. Cтационарда талдау нәтижесінен кейіндәрігерлер мен медбикелер бақылауында болып қабылдау керек", - деді Сералин.

Сондай-ақ, дәрігер тұрғындардың емханаға бармайтынын, бір дәріні 10-15 жыл дозасын өзгертпей қабылдайтынына тоқталды. 

"Көп адам емханаға бармайды. Бір дәріні 10-15 жыл дозасын өзгертпей іше береді. Оның қандай әсер беріп жатқанын қадағаламайды. Ұзақ уақыт бір дәріні ішкен соң осындай індет кезінде денсаулығына зиян болады. Сол себепті емханаларда уақытында қаралып тұру керек. Дегенмен оғанда қарамай бәрін емдеп жатырмыз. 2-3 күн бұрын 83 жастағы ақсақал үйіне аман-есен шықты", - деді дәрігер.

Сонымен қатар аурухананың бас дәрігері ауруханада дәрі тапшылығы жоқ екенін, күнделікті қажетті дәрі-дәрмек жеткізіліп отырғанын айтты.

 

Жаңалықтар
0