Аурухана, архивтегі фото

Хаттамаға түзету енгізілді: Коронавирусты емдеу шарасы тиімсіз болып шықты

8640
Дәрігерлер "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"  сияқты препараттарды хаттамадан алып тастауға шешім қабылдады. Себебі шетелдік ғалымдар ол дәрілерді коронавирусқа қарсы қолдану тиімсіз деген қорытындыға келген

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын емдеу шаралары тағы өзгертілді. Клиникалық хаттамаға осымен 11-ші рет түзету енгізіліп отыр. Бірқатар препаратты алып тастады. Себебі ол дәрілер тиімсіз болып шықты. Бірақ хаттамаға қызуды басатын препараттар мен антикоагуланттар қосылды. Соның бәрін науқастарға тегін тарату жоспарланған.

Маусымның соңында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясын емдеуге арналған клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясын таныстырған болатын. Онда амбулаториялық емдеу кезінде "Гидроксихлорохин" мен "Лопинавир"/"Ритонавир" препараттарын қолдану шаралары қарастырылды. Бұл үйде ем-дом алатындар осы дәрі-дәрмекті ішеді деген сөз. Ал ауруханада жатқандарға "Фавипиравир" да беріледі. Пневмония асқынып кетсе, тағы "Дексаметазон" қосылады.

"Бұдан бөлек, үш күн бойы дене қызуы жоғары болмаса, ал компьютерлік томография немесе рентген кезінде өкпеде оң динамика байқалса, пациентті амбулаториялық емдеуге, яғни ауруханадан ерте шығаруға шешім қабылданады", - деп жазды Бюрабекова.

Тура он бес күннен кейін коронавирус инфекциясын емдеу тәртібіне өзгеріс енгізілді.  

15 шілдеде денсаулық сақтау министрлігі жанындағы бірлескен комиссия клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясына тағы түзету жасады. Дәрігерлер "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"  сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдапты. Себебі шетелдік ғалымдар бұл дәрілерді коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген.

Осы орайда АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирустың алдын алу әдістемесі еске түседі. Мамыр айының ортасында ол безгек ауруына қарсы "Гидроксихлорохиннің" бір таблеткасын күнде ішіп жүргенін айтқан. Бұған дейін Американың басшысы дәл осы препаратты COVID-19 ауруына қарсы тиімді дәрі деп атаған еді. Алайда зерттеулер оны растаған жоқ. Оған қоса, сәуірдің соңында АҚШ-тың санитарлық бақылау басқармасы "Гидроксихлорохинді" немесе "Хлорохинді" қабылдаған науқастардың жүрек ырғағы бұзылатынын мәлімдеді. Енді, Қазақстан ол дәріні коронавирусқа қарсы терапия кезінде қолданбайтын болды.  

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршігенін түсіндірді 

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінде "Ремдесивир" мен "Фавипиравир" коронавирустың ауыр түріне шалдыққандарға көмектеседі деген мәлімет бар. Сондықтан осы препараттар клиникалық хаттамаға енгізілді.

"COVID-19 – бұл жаңа инфекция. Әлем ғалымдары осы вирустан емделудің тиімді тәсілдерін іздеп отырады. Бүгінде оны емдеудің нақты бір әдісі жоқ. Сол себепті қазақстандық ғалымдар мен клиницистер әлемдік тәжірибені зерттеп, клиникалық хаттамаға озық әдістерді енгізіп тұрады", - дейді Ғиният.

Соңғы хаттамаға коронавирустан амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу үшін дене қызуын басатын дәрілер мен инъекциялық емес антикоагулянттар да қосылды. Олардың ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Денсаулық сақтау министрінің сөзіне қарағанда, осы дәрі-дәрмектің бәрі науқастарға тегін таратылады. Ал барлық шығын медицининалық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

"Иә, науқас тіркелген жеріндегі емханаға хабарласып, тиісті диагноз қойылса, осы препараттар тегін беріледі. Коронавирус пен пневмония – бұл негізгі диагноздар. Әрине, емхана дәрігерлері аурудың деңгейіне қарайды. Ауыр жағдай емес және үйде емделуге мүмкіндік болса, клиникалық хаттамға енгізілген препараттар пациентке емхана арқылы тегін беріледі", - деді Цой елордада өткен онлайн брифингте.

Жаңа хаттама бойынша тегін берілетін препараттардың ішінде антикоагулянттар, яғни қанды сұйылтанын дәрі-дәрмектер бар. Себебі коронавирус инфекциясының салдарынан тромбоз туындайды. Адамның қаны ұйып, тромбтар пайда болады. Осыған байланысты бүгінде ауруханада коронавирусты емдеу кезінде антикоагулянттарды пайдаланады. Бірақ стационарда ол дәріні шприцпен егеді. Ал министрлік үйде емделуге арналған хаттамаға инъекциялық емес түрлерін қосты. Өйткені антикоагулянтты шприцпен салғанда дәрігердің өзі болуы керек. Оны дұрыс салмаса, адамның басқа аурулары асқынып кетуі мүмкін.

Сонымен, дене қызуын түсіретін және қанды сұйылтатын препараттарды карантин жағдайында қалай алуға болады? Елордадағы №5 емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табылдинаның айтуынша, медицина мамандары пневмония диагнозын бірнеше жолмен растай алады. Қазіргі жағдайда онлайн-консультация бар, я болмаса, мобильді топтар науқастың үйіне барып, аурудың белгілерін анықтайды.

"Егер дене қызуы үш-төрт күннен бері түспей, қан сынамасында С-реактивті ақуызы көбейіп, бактериалдық пневмонияның белгілері болса, біз қажетті дәріні жазып береміз. Оның барлығы дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету тізіміне кіреді", - деп түсіндірді Табылдина.

Иә, "Парацетамол" мен "Ибупрофен" сияқты препараттар тегін берілсе, алыпсатарлардың заңсыз кәсібі тыйылуы мүмкін. Дәріханадағы ұзын-сонар кезектер де азаяды. Дегенмен, бүгінде үйде жатып емделетіндердің көбісі емхана дәрігерімен онлайн-байланысқа шықпайды, мобильді топтың келгенін де күтпейді, бірден дәріханаға жүгіреді. Өйткені үнемделген ақшадан бұрын денсаулық қымбат.

Жалпы, қазіргі кезде коронавирустың таралуына қатысты сан алуан болжамдар жасалуда. Біреу пандемия енді басталды десе, енді бірі инфекция адамның ортасына бейімделгеннен кейін әлсірейді деп ойлайды. Дегенмен жаңа вирус кез келген уақытта шығуы мүмкін. Сондықтан адам оған дайын болуы керек.

8640
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1386)
Тақырып бойынша
Өткен тәулікте 1646 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Алматыда пневмониямен ауруханаға түсетіндер саны екі есеге азайды
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды
Алматыда екі қонақүйі бар түрік кәсіпкері Сағынтаевқа тың ұсыныс жасады
Ербол Оспанов

Елбасының бұрынғы бас ұшқышы "Барыс" орденімен марапатталды

82
(Жаңартылды 19:52 13.08.2020)
"Барыс" ордені Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы Ербол Оспанов II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

"Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен "Эйр Астана" АҚ Боинг 757/767 командирі Оспанов Ербол Абылайұлы ІІ дәрежелі  "Барыс" орденімен марапатталды", - деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Мемлекеттік марапатты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов табыс етті.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы болған Ербол Оспанов Sputnik Қазақстан тілшісіне Елбасының қандай жолаушы екенін және Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалай борт-радист болғанын айтып берді.

Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді. 2020 жылы зейнетке шықты. 

Ол 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. 
Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен біріккен авиаотрядының Ан-2 ұшағының екінші пилоты қызметінен бастады.

Пилот Ербол Оспанов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді

Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті экипажының шеф-пилоты, Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының" ұшу қызметі жөніндегі директордың орынбасары, Боинг-757, 767 командирі, "Orient EagleAirways" АҚ шеф-пилоты, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2005-2018 жылдары "Эйр Астана" АҚ вице-президенті, 2018 жылдан бастап әуе кемесінің командирі болды.

9 маусымда Оспанов 65 жасқа толды. Ол өзінің кәсіби мансабында 21 мың сағат ұшып, демалысқа шықты, бұл шамамен 2,5 жылға тең. Ол өзінің кейінгі рейсін Боинг-767 ұшағымен Лондон-Алматы бағыты бойынша жасады.

"Барыс" ордені кімге беріледі

"Барыс" ордені 1999 жылы енгізілді. Ол үш дәрежеден тұрады. Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі.

Сондай-ақ мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін беріледі.

82
Астана көрінісі

Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі - комиссия отырысы өтті

1944
(Жаңартылды 19:41 13.08.2020)
Мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастау жоспарын бекітті

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Мемлекеттік комиссия карантинді жеңілдетуге байланысты жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Жұмысына қайта кіріседі

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (аумағының 30%-нен аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м); 
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды); 
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондар (арақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді;
  • Сондай-ақ, 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес) рұқсат етіледі.

17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекция жасап, орын толуына қарай жүре бастайды. 

Тыйым салынады

  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;
  • барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
  • мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; діни нысандардың жұмысына;
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

Қазақстанда карантин шаралары күшіне енгізілген кезеңде эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылып, медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай төмендегені айтылып отыр. Вирусты жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-тен 0,5%-ке дейін төмендеді. Сауығып шыққан адамдар саны 76%-ке жетті.

1944
Кілт сөздер:
карантин, Қазақстан
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма – әкім жауап берді
Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды
Нұр-Сұлтанда мейрамханалар карантин кезінде жұмыс істеген
Төбелес, иллюстративті фото

"Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген": Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

0
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

0
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді