Air Astana ұшағы

Чартерлік рейс 136 жолаушыны Алматыдан Мәскеуге жеткізді  

79
Ресей Федерациясының елшілігі Қазақстан билігіне, сондай-ақ "Air Astana" компаниясына мүмкіндік ұсынғаны үшін алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. 26 шілде, жексенбіде "Air Astana" әуе компаниясы Алматы-Мәскеу бағыты бойынша чартерлік рейсті орындады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі хабарлады.  

Елшілік Мәскеуге ресейліктердің, сондай-ақ қазіргі шектеулер жағдайында Ресей Федерациясына кіруге құқығы бар басқа елдердің азаматтарының ұшуына көмек көрсетті.

Ресейге барлығы 136 жолаушы аттанды.

"Біз Қазақстан билігіне, сондай-ақ "Air Astana" әуе компаниясына мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз", - делінген Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, маусымның соңында Ресейдің 55 азаматы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшып кетті.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы азаматтарды шектеу шаралары жағдайында отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырып жатыр. Жұма күні Ресей премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова Ресей 1 тамыздан бастап әзірге үш елмен: Ұлыбритания, Түркия және Танзаниямен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретінін хабарлады.

79
Кілт сөздер:
жолаушы, Мәскеу, Алматы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1391)
Архивтегі фото

Отставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөні жарияланды

4959
(Жаңартылды 21:19 14.08.2020)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі отставкаға жіберу туралы екі өтінішті қарап жатыр. Шешім президент әкімшілігімен келісіле отырып қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі отставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөнін жариялады. Олардың қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық жасағаны дәлелденген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі отставкаға жіберу туралы екі өтінішті қарап жатыр.

"Біріншісін 28 шілде күні оның орынбасары Федяев жазды. Себебі 25 шілде күні сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Қалабаевқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, 3 тамызда Ақжар ауданының әкімі Мадияров та өтініш берді. Оның орынбасары Досымбеков өз кінәсін мойындап, келтірген залалдың көлемін өтеді. Оған қатысты тергеу шаралары тоқтатылған болатын.

Оқи отырыңыз: Облыс әкімі орынбасарының заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды 

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 60-бабы, 2-тармағына сәйкес отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім бір ай мерзімде президент әкімшілігімен келісіле отырып қабылдануы тиіс", - дейді агенттік мамандары.

Отставкаға тағы кім өтініш жазады

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық бойынша бірқатар іс сотта қаралып жатыр. Айыптау үкімдері заңды күшіне енген жағдайда отставкаға кету туралы өтінішті төмендегі лауазымды тұлғалар беруі тиіс:

  1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаев. Оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім 3 шілдеде шықты, прокуратураның наразылығы бойынша отырыс 25 тамызға тағайындалды.
  2. Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Есбаев. Апелляцияға өтініш берілмесе, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Құрманалиевке қатысты үкім 15 тамызда күшіне енеді.
  3. Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Өнербаев. 22 тамыз күні Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Норқұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енеді.
4959
Кілт сөздер:
шенеуніктер, отставка
Тақырып бойынша
Министрлер мен әкімдер отставкаға кетеді: Бектенов жаңа заңды түсіндірді
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
Алтай Көлгінов өзінің отставкасы туралы сұраққа жауап берді
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 
Архивтегі фото

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы ұсталды

1678
(Жаңартылды 18:55 14.08.2020)
Ол медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған, хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. "СК-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басшысы ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ол төтенше жағдай жарияланған кезеңде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған.

"СК-Фармация" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ресми хабарламада.

14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

"Соңғы шешімді сот шығарады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді агенттік қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

12 шілдеде "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Ерхат Есқалиев тағайындалды.

 

1678
Тақырып бойынша
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
"СК-Фармация" басшылығы қазақстандықтардан кешірім сұрады
"СК-Фармация" басшысы атышулы фотосын не себепті алып тастағанын түсіндірді
Министрлік тегін дәрі алу үшін не істеу керек екенін айтты
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара