Нұр-Сұлтан қаласындағы көше

Министр Қазақстанда карантин қашан жеңілдейтінін айтты

3580
(Жаңартылды 09:40 28.07.2020)
Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50%-ке шектей отырып, маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  3 тамыздан бастап карантин қалай жеңілдейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантинді жеңілдету үшін санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіліп, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтық талаптары сақталуы тиіс.

"3 тамыздан бастап апта ішінде инфекция репродуктивтілігі көрсеткіші бірден төмен (R ≤ 1), ал төсек-орындар 70%-ке босаса және өлім-жітім деңгейі төмендесе, келесі инфрақұрылым нысандарының қызметіне рұқсат етіледі", – деді Цой үкімет отырысында.

Жұмысын бастайтын нысандар:

  • уақыты мен күні шектелуімен сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық түлік, азық түлік емес базарлар;
  • балалар коррекция кабинеттері, білім орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер. Топтарда бес баладан аспауы тиіс;
  • кезекші топтар режимінде мектепке дейінгі мекемелер;
  • сұлулық салондары, шаштаращ, косметика және косметологиялық қызметтер ұсынатын орталықтар мен салондар, алдын ала жазылуы бойынша маникюр және педикюр;
  • мемлекеттік органдар мен кеңсе қызметкерлерінің кем дегенде 80%-і қашықтан жұмыс істеуі тиіс.

Сонымен қатар, таза ауада әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке және топпен жаттығу жасауға, Ұлттық құрамаларға 30 адамнан аспайтын топпен спорттық жаттығулар жасауға рұқсат етіледі.

Көшеде, саябақтарда, скверлер мен жағалауларда үш адамнан артық топтасуға болмайды.

Оқи отырыңыз: Далада маска тақпағандар айыппұл төлейді – бас санитар дәрігер

Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50%-ке шектей отырып, маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады.

Қандай тыйымдар күшінде қалды:

  • барлық бұқаралық шаралар, көңіл көтеретін мекемелер, кинотеатрлар, фудкорттар мен банкет залдарының қызметі;
  • мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтары;
  • мәдениет нысандары, музейлер, конференция, көрме және форумдар өткізу;
  • спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарк жағажайлары;
  • діни нысандардың жұмысы;
  • қала маңы жолаушылар пойыздары (электричка), ортақ вагондар, қалааралық автобустартың қозғалысы (микроавтобустар).
3580
Кілт сөздер:
Қазақстан, карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1387)
Зертхана қызметкері

Соңғы тәулікте 476 адамның індетке шалдыққаны расталды

0
(Жаңартылды 08:37 14.08.2020)
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жетсе, 78 633 науқас аталған дерттен айығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 184 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 66 / 8
  • Алматы қаласы - 40 / 9
  • Шымкент қаласы - 3 / 3
  • Ақмола облысы - 21 / 11
  • Ақтөбе облысы - 9 / 5
  • Алматы облысы - 18 / 10
  • Атырау облысы - 15 / 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 30
  • Жамбыл облысы - 16 / 10
  • Батыс Қазақстан облысы - 32 / 19
  • Қарағанды облысы - 44 / 18
  • Қостанай облысы - 27 / 6
  • Қызылорда облысы - 8 / 5
  • Маңғыстау облысы - 13 / 13
  • Павлодар облысы - 11 / 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 30 / 6
  • Түркістан облысы - 26 / 19.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус дертімен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жеткен. Ал өткен тәулікте республика бойынша 1 877 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 113
  • Алматы қаласы - 641
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 66
  • Ақтөбе облысы - 9
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 543
  • Шығыс Қазақстан облысы - 68
  • Жамбыл облысы - 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 12
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 11
  • Қызылорда облысы - 252
  • Маңғыстау облысы - 23
  • Павлодар облысы - 21
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 22
  • Түркістан облысы - 13.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 78 633.

0
Кілт сөздер:
емделу, індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1387)
Тақырып бойынша
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады
Ербол Оспанов

Елбасының бұрынғы бас ұшқышы "Барыс" орденімен марапатталды

84
(Жаңартылды 19:52 13.08.2020)
"Барыс" ордені Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы Ербол Оспанов II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

"Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен "Эйр Астана" АҚ Боинг 757/767 командирі Оспанов Ербол Абылайұлы ІІ дәрежелі  "Барыс" орденімен марапатталды", - деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Мемлекеттік марапатты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов табыс етті.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы болған Ербол Оспанов Sputnik Қазақстан тілшісіне Елбасының қандай жолаушы екенін және Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалай борт-радист болғанын айтып берді.

Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді. 2020 жылы зейнетке шықты. 

Ол 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. 
Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен біріккен авиаотрядының Ан-2 ұшағының екінші пилоты қызметінен бастады.

Пилот Ербол Оспанов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді

Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті экипажының шеф-пилоты, Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының" ұшу қызметі жөніндегі директордың орынбасары, Боинг-757, 767 командирі, "Orient EagleAirways" АҚ шеф-пилоты, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2005-2018 жылдары "Эйр Астана" АҚ вице-президенті, 2018 жылдан бастап әуе кемесінің командирі болды.

9 маусымда Оспанов 65 жасқа толды. Ол өзінің кәсіби мансабында 21 мың сағат ұшып, демалысқа шықты, бұл шамамен 2,5 жылға тең. Ол өзінің кейінгі рейсін Боинг-767 ұшағымен Лондон-Алматы бағыты бойынша жасады.

"Барыс" ордені кімге беріледі

"Барыс" ордені 1999 жылы енгізілді. Ол үш дәрежеден тұрады. Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі.

Сондай-ақ мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін беріледі.

84