Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

"Бұл өте маңызды": министр Аймағамбетов өтініш жасады

12732
Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, қазақстандық жоғары оқу орындары оқу бағасын көтеруді жоспарлап отыр

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарынан пандемия кезінде оқу ақысын көтермеуді, сондай-ақ, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пандемия салдарынан студенттердің оқуға уақытылы келу мүмкіндігі азайып отыр. Экономикалық ахуал бізге белгілі. Жоғары оқу орындары тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын. Біріншіден, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін беру. Талдау нәтижесі мұндай мәселенің бар екенін көрсетті. Сол себепті бөліп төлеуге мүмкіндік қарастыруды сұраймын", - деді Аймағамбетов аппараттың онлайн жиналысында.

Сонымен қатар, білім министрі бірқатар жоғары оқу орны оқу бағасын көтергелі жатқанын, алайда елдегі ахуалды ескеріп, бағаны көтермеу туралы өтініш жасады.

Тағы оқыңыз: Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті

"Біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз жоғары оқу орны оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да өтініш бар: ахуалды біле тұрып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл өте маңызды", - деді министр.

Сондай-ақ, министр жоғары оқу орындарын қолдау бойынша кешенді бағдарлама қабылданып жатқанын мәлімдеді. Ол жерде тек қаржы мәселесі емес, реформаларға байланысты да шешім қабылданды. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі көтерілді.

12732
Кілт сөздер:
жоғары білім алу, Асхат Аймағамбетов
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды
"Ойға қонымсыз": Аймағамбетов ата-аналардан қолхат алуды тоқтатуды тапсырды
Аймағамбетов оқушылардың мектепке қай кезде баратынын айтты  
Білім грантына өтініш тапсыру мерзімі ұзартылды
Ресей ұшағы

Қазақстанда жұмыс істеген ресейлік дәрігерлер еліне қайтты 

42
Қазақстан тарапы пандемия індетінің шарықтау кезеңінде уақытылы көмек көрсеткені үшін ресейлік дәрігерлерге шын жүректен алғысын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Шілденің басында қазақстандық мамандарға коронавирус инфекциясымен күресуге көмектесу үшін келген ресейлік дәрігерлер жұмысын аяқтап, отанына оралды, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.

"Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин мен Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің келісімі аясында 6 шілдеде Қазақстанға келген ресейлік мамандар тобы коронавирустың таралуына қарсы күресте республикалық және өңірлік медициналық ұйымдарға тәжірибелік және консультативтік көмек көрсету бойынша миссиясын сәтті аяқтады", - делінген елшіліктің Facebook-тегі хабарламасында.

Дүйсенбі, 3 тамызда дәрігерлер Ресей ТЖМ арнайы ұшағымен Қазақстаннан кетті.

Оған дейін қабылдаушы тарап бауырлас Қазақстанға пандемияның шарықтау кезеңінде дер кезінде көмек көрсеткені үшін, сондай-ақ республикадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдірді.

"Біз де Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылығына ресейлік мамандарды жылы қабылдап, жақсы қарым-қатынас жасағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз", - деп атап өтті Ресей елшілігі.

Дипломатиялық қызметтің өкілдері "бірлескен жұмыс тәжірибесы екі елдің салалық ведомстволары арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты, мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен Қазақстан және Ресей халықтарының достығын одан әрі нығайтуға қызмет етеді" деген сенім білдірді.

Шілде айының басында анестезиолог-реаниматологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, пульмонологтар, эпидемиологтар COVID-19 індетімен күресу үшін Қазақстанға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша дәрігерлер Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

42
Дәрігер, архивтегі фото

Қазақстанда 8,5 мың медицина маманы коронавирус жұқтырды

22
Өтемақыдан үмітті 123 маманның өтініші мақұлданды. Олардың әрқайсына 2 миллион теңге төленеді, деп атап өтті Алексей Цой 

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған медицина мамандарының санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елімізде індетті жұқтырған медицина мамандарының саны 8 518 адамға жетті. Ал пневмониямен қанша қызметкердің ауырып қалғаны әзірге белгісіз. Бірақ коронавируспен күрес шаралары кезінде пневмонияға шалдыққан әріптестеріміз өтемақыға өтініш берсе, біз қолдау жасаймыз. Барлық құжатты көтеріп, комиссияның қарауына жібереміз", - деді вице-министр Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты 

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, осы уақытқа дейін 123 маманның өтініші мақұлданған. Олардың әрқайсына 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді. Басқа өтініштер қаралып жатыр. Алайда министр нақты санын атамады.

"Қазір ондай ақпарат жоқ. Себебі өтініштер әрьөңірдегі комиссияларда қаралады", - дейді Цой.

Айта кетейік, шілденің соңында коронавирус инфекциясын жұқтырған және одан қайтыс болған дәрігерлерге өтемақы беру тәртібі өзгерді. Денсаулық және еңбек министрлерінің бірлескен бұйрығына сәйкес, енді коронавируспен ғана емес, вирустық пневмониямен ауырған және одан қайтыс болған медицина мамандарына да өтемақы төленеді. Бірақ ауруды жұқтыру дерегі эпидемияға қарсы күрес шаралары кезінде тіркелуі шарт. Ал пневмонияның клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас болуы қажет.

Барлық өтемақы мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді. Атап айтқанда, медицина маманы COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмонияға шалдыққан жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төленеді. Ал осы аурулардан қайтыс болса, оның отбасы мүшелеріне 10 миллион теңге беріледі.

22
Кілт сөздер:
өтемақы, дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Қазақстанда коронавирус эпидемиясына қатысты жағдай тұрақталып келеді - Цой
Пневмониядан қайтыс болғандар саны екі есеге артты - министр
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл тізімге" енді
"Телефонмен көңіл айтыңыз": вице-министр қазақстандықтарға кеңес берді
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

0
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

0
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды