Асхат Аймағамбетов

Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді

5682
(Жаңартылды 18:23 29.07.2020)
Ол қашықтан оқыту форматына көшуде интернет пен техниканың тапшылығы қол байлайтынын жеткізді. Депутат мұндай жағдайға мұғалімдер мен оқушылар өткен тоқсанда тап болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Білім және ғылым министріне хат жолдады.

Депутат қазақстандық оқушыларды толыққанды қашықтан оқытумен қамтамасыз етуге инфрақұрылым қауқарсыз екеніне сенімді. Өйткені педагогтардың барлығында бірдей компьютер мен жедел интернетке қолжетімділік жоқ деп отыр, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Ол қашықтан оқыту форматына көшуде интернет пен техниканың тапшылығы қол байлайтынын жеткізді. Депутат мұндай жағдайға мұғалімдер мен оқушылар өткен тоқсанда тап болғанын атап өтті. 

"Қазір еліміздегі мектептердің балансында 405 мың компьютер бар, оның 162 мыңы (40 %) ғана жарамды. Тек техника тапшылығын жою үшін 210 мың компьютер керек. Сіз сәуір айында 80 мың техника сатып алуды жоспарлап отырғаныңызды айтқан болатынсыз. Олар қазіргі кезде сатып алынды ма, алынса қандай өңірлерге таратылды? Жаңа оқу жылында Қазақстан мектептерінде компьютер, тағы да басқа оқу құралдары жеткілікті бола ма?" - деді депутат министрге хатында.

Бақтиярұлының айтуынша, тұрғындардың жаңа оқу жылында білім беру мәселелеріне алаңдаушылық білдіруі байқалады. Ол өзі сайланған Қызылорда облысын мысалға келтірді.

"26 елдімекендегі мектептерде интернет желісі жұмыс істемейді. Байланыс операторы ауылдық жерлерді ескірген технологиялар есебінен қамтамасыз етіп келеді. Салдарынан ауылдардың 21 проценті заманауи байланыс технологиясына қол жеткізе алмай отыр", - деді депутат.

Ата-аналардың ұсынысын жеткізді

Депутат бастауыш сыныпта білімнің негізі қаланатынын ескеріп, оған ерекше назар аударды. Сондықтан бастауыш сынып оқушылары жаңа оқу жылында білім алуды мектеп қабырғасында жалғастырса деген мыңдаған ата-ананың ұсынысын жеткізді. Ол санитарлық нормаларды қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды. 

Еске сала кетсек, үкіметтің кеңейтілген отырысында президент мұғалімдердің 20 проценттен астамының үйінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ екенін айтқан болатын. Салдарынан қашықтан оқыту тиімді болмады. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайын екеніне күмән білдірген еді.

5682
Кілт сөздер:
білім және ғылым министрлігі, Асхат Аймағамбетов, депутат
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
Білім министрі коронавирус жұқтырған мұғалімдер туралы айтты
Депутат мәйітханада болған сұмдық жағдайдың себебін айтты
Жаңа оқу жылында студенттер қалай оқиды – білім министрі түсіндірді
Арыс қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру

Арыс қаласына бөлінген қаржыны ұрлаған БҚО шенеуніктері ұсталды

21
(Жаңартылды 18:39 07.08.2020)
Әкімдік қызметкерлері 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыс қаласын қалпына келтіруге бөлінген қыруар қаражатты ұрлаған шенеуніктерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру фактісі бойынша "БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйдің ағымдағы жөндеуіне бөлінген 50 миллион теңгеден астам сомадағы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын 2019 жылы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында мердігер ұйыммен сөз байласып, жымқырған", - деді Биғайдаров онлайн брифингте.

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты. Оның екеуі әскери қызметкер болса, екеуі жергілікті тұрғын. Оның бірі жасөспірім.

Оқи отырыңыз: Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті

Төрт айдан кейін Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды. Жарылыс салдарынан Арыс қаласындағы жүздеген тұрғын үй мен нысандарға едәуір зақым келіп, қоймаға жақын орналасқан ғимараттар қирап қалды.

21
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Арыс қаласына 14 мыңнан астам тұрғын оралды - видео
Зорлық-зомбылық

Дәретхана суына тұншықтырды: Алматы облысында ер адам өз отбасын көп жыл азаптаған

166
(Жаңартылды 18:42 07.08.2020)
Күдіктіні полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Балаларды азаптаған ер адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алматы облысында ер адамның көптен бері әйелі мен балаларын аяусыз азаптап келгені мәлім болды. Келіншегін қорқыту үшін ол тіпті үш айлық баласын дәретхана суына тұншықтырған. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорының өкілдері хабарлады.

Ерлі-зайыптылар бір жылдан астам уақыттан бері бірге тұрған. Осы уақыт ішінде әбден қысым көрген әйел полицияға хабар беруге қорыққан. Бірінші некеден тоғыз және төрт жасар екі ұлы бар әйелдің соңғы күйеуінен ортақ перзентінің туғанына үш ай болған.

"3 тамызда әйелдің анасы бізге қоңырау шалып, қызының күйеуінен зәбір көріп жатқан сәті түсірілген суреттер жіберді. Оны немересі түсіріп алған екен және мұндай жайт бірінші рет емес көрінеді. Оны біліп қалған ер адам телефондарды жиып, есіктерді жауып алып, оларды көмек сұрау мүмкіндігінен айырған", - деп жазды қордың негізін қалаушы Дина Смайылова.

Қоғамдық қор өкілінің айтуынша, тоғыз жасар бала жуыну бөлмесіндегі су ағызу шүмегін абайсызда сындырып алғаны үшін ер адам оны ұрып-соққан.

"Содан кейін ол анасы мен балаларды ұрып-соғып, денесін көгерткен. Тіпті, үш айлық баланы ұстап алып, әйелін қорқыту үшін дәретхана суына тұншықтырып өлтіруге тырысқан. Әйелдің қабырғасы сынып, бас миы шайқалған. Сондай-ақ, үлкен ұлының да қабырғасы сынып, ауруханаға түсті", - дейді ол.

Зардап шеккен әйелдің анасының айтуына қарағанда, ер адам олардың отбасына үш жыл бұрын келген және бірнеше айдан кейін-ақ әйеліне қорлық көрсете бастаған. Сонымен қатар, әйелдің шешесі ер адам төрт жасар баланы зорлаған болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Дина Смайылова қазіргі кезде балалар қосымша сараптамалық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді. Ол мұндай сұмдық жағдайға қатысты ақпаратты Іле аудандық полиция бөліміне шұғыл тапсырған.

Қазіргі уақытта ер адам кәмелетке толмағандарды азаптады деген күдікпен қамауға алынды.

"Не молчи" өкілдерінен осындай хабар түскен бойда іске шұғыл кірістік. Әйел өзі мен балаларының зорлық-зомбылық көргенін айтып, арыз жазды. 1976 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса, қайда хабарласу керек – "111" нөмірі қайта іске қосылды

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты азаптау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

166
Кілт сөздер:
бала құқығы, зорлық-зомбылық
Тақырып бойынша
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейту керек пе – президент кеңесшісі пікір білдірді