Қоғам

Шымкенттік блогер Руслан Жанпейісовке қатысты сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот оны бас бостандығынан айыруды дұрыс деп санап, жәбірленуші М. есімді азаматқа 400 000 теңге және К. есімді азаматқа 150 000 теңге өндіру туралы талаптарды қанағаттандырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қоғам арасында Руслан Жанпейісов атымен танымал болған блогер – Бейбарыс Райымбековке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен Бейбарыс Райымбеков жәбірленуші М. есімді азаматқа орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіргені үшін және билік өкілін қорлап, әлеуметтік желіде бейнежазба таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) және 378-бабының 2-бөлігімен (билік өкiлiн қорлау) кінәлі деп танылған.

"Қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша ол 1 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде (қоныс колониясында) өтеу үшін сотталды",– делінген хабарламада.

Істі қарау барысында Райымбеков аэрозольді бұрышпен толтырылған тапанша түріндегі құрылғыны пайдалану арқылы жәбірленуші М-нің көз аймағына шашып жіберген. Нәтижесінде, оның екі көзін химиялық күйік шалып, көру қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырғаны анықталды.

Сонымен қатар, ол қоғамдық орында өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде болған полиция қызметкері К. есімді азаматты көпшілік алдында қорлап, ол туралы бейнежазбаны көпшілікке қолжетімді әлеуметтік желіге жариялағаны анықталды.

"Жаза тағайындау кезінде, сот оның орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіргенін мойындамағанын және ол осы кезге дейін бірнеше рет заңға қайшы әрекеттер жасаумен сипатталатынын, бұрын ұрлық, ауыр дене жарақатын келтіргені және бопсалау қылмыстарын жасағаны үшін сотты болғанын ескерді. Өтелген соттылығына қарамастан, ол одан тиісті қорытынды шығармаған. Сонымен қатар, судья жәбірленушілердің Райымбековке бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы пікірлерін ескерді", – деп толықтырылған хабарламада.

Бейнежазба туралы сараптама қорытындысы қандай?

Сонымен қатар, сот Райымбеков пен оның адвокатының жәбірленушіге қарсы аса қажеттілік шегінде бұрышпен толтырылған тапаншаны қолданғаны және оған қатысты жәбірленуші тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны туралы дәлелдерін назарға алмаған.

Осы және басқа да тұжырымдар сотта зерттеліп, куәгердің жауаптары мен Райымбеков ұсынған бейнежазба сот сараптамаларының қорытындысымен жоққа шығарылды. Оның қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны туралы кінәсі іс материалдарымен толық дәлелін тапқан.

Оқи отырыңыз: Руслан Жанпейісов не үшін ұсталды – министрлік жауабы

"Осы аталған мән-жайлар негізінде, сот оған бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды дұрыс деп есептейді. Сондай-ақ, жәбірленуші-талап қоюшы М. және К. есімді азаматтардың моральдық залалды өндіру туралы талап қою арыздары бойынша Райымбековтен М. есімді азаматқа 400 000 теңге және К. есімді азаматқа 150 000 теңге өндіру туралы талаптарын қанағаттандырды",– деп атап көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0