Модульдық зертхана, Нұр-Сұлтан

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты

137
(Жаңартылды 09:28 01.08.2020)
Өткен тәулікте республика бойынша ауру белгілері бар 708 науқас және симптомсыз 581 адам анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

Елімізде өткен тәулікте тағы 1289 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 581 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 90 367-ге жетті:

  • Алматы қаласында - 11873 (+211),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -11254 (+226),
  • Атырау облысында - 10287 (+45),
  • Қарағанды облысында - 8623 (+110),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 6373 (+111),
  • Батыс Қазақстан облысында - 5789 (+76),
  • Шымкент қаласында - 4895 (+26),
  • Алматы облысында - 4375 (+55),
  • Жамбыл облысында - 3542 (+50),
  • Павлодар облысында - 3209 (+84),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 3102 (+64),
  • Ақтөбе облысында - 3045 (+24),
  • Қызылорда облысында -2984 (+16),
  • Маңғыстау облысында - 2907 (+32),
  • Түркістан облысында - 2789 (+39),
  • Қостанай облысында - 2679 (+64),
  • Ақмола облысында - 2641  (+56).

Өткен тәулікте 1308 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Барлығы 60 825 адамның COVID-19-дан сауыққаны хабарланып отыр.

137
Кілт сөздер:
коронавирус
Ербол Оспанов

Елбасының бұрынғы бас ұшқышы "Барыс" орденімен марапатталды

45
(Жаңартылды 19:52 13.08.2020)
"Барыс" ордені Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы Ербол Оспанов II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

"Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен "Эйр Астана" АҚ Боинг 757/767 командирі Оспанов Ербол Абылайұлы ІІ дәрежелі  "Барыс" орденімен марапатталды", - деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Мемлекеттік марапатты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов табыс етті.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы бас ұшқышы болған Ербол Оспанов Sputnik Қазақстан тілшісіне Елбасының қандай жолаушы екенін және Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалай борт-радист болғанын айтып берді.

Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді. 2020 жылы зейнетке шықты. 

Ол 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. 
Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен біріккен авиаотрядының Ан-2 ұшағының екінші пилоты қызметінен бастады.

Пилот Ербол Оспанов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ербол Оспанов азаматтық авиация саласында 46 жыл жұмыс істеді

Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 әуе кемелерінде Қазақстан Республикасы Президенті экипажының шеф-пилоты, Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясының" ұшу қызметі жөніндегі директордың орынбасары, Боинг-757, 767 командирі, "Orient EagleAirways" АҚ шеф-пилоты, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы лауазымдарын атқарды.

2005-2018 жылдары "Эйр Астана" АҚ вице-президенті, 2018 жылдан бастап әуе кемесінің командирі болды.

9 маусымда Оспанов 65 жасқа толды. Ол өзінің кәсіби мансабында 21 мың сағат ұшып, демалысқа шықты, бұл шамамен 2,5 жылға тең. Ол өзінің кейінгі рейсін Боинг-767 ұшағымен Лондон-Алматы бағыты бойынша жасады.

"Барыс" ордені кімге беріледі

"Барыс" ордені 1999 жылы енгізілді. Ол үш дәрежеден тұрады. Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту, бейбітшілікті қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру және халық бірлігі ісінде сіңірген ерекше еңбегі үшін беріледі.

Сондай-ақ мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін беріледі.

45
Астана көрінісі

Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі - комиссия отырысы өтті

1693
(Жаңартылды 19:41 13.08.2020)
Мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастау жоспарын бекітті

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Мемлекеттік комиссия карантинді жеңілдетуге байланысты жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Жұмысына қайта кіріседі

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (аумағының 30%-нен аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м); 
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды); 
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондар (арақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді;
  • Сондай-ақ, 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес) рұқсат етіледі.

17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекция жасап, орын толуына қарай жүре бастайды. 

Тыйым салынады

  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;
  • барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
  • мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; діни нысандардың жұмысына;
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

Қазақстанда карантин шаралары күшіне енгізілген кезеңде эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылып, медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай төмендегені айтылып отыр. Вирусты жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-тен 0,5%-ке дейін төмендеді. Сауығып шыққан адамдар саны 76%-ке жетті.

1693
Кілт сөздер:
карантин, Қазақстан
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма – әкім жауап берді
Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды
Нұр-Сұлтанда мейрамханалар карантин кезінде жұмыс істеген
Солақай, архивтегі сурет

Мамандар солақайлардың қандай ерекшелігі болатынын айтты

618
(Жаңартылды 22:06 13.08.2020)
13 тамыз – халықаралық солақайлар күні. Техникалық құрал-жабдықтардың басым бөлігі оң қолмен жұмыс істейтін адамдарға арналып шығарылады. Сондықтан бұл бастаманы 1984 жылы солақайлардың халықаралық конфедерациясы көтерді

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. 1992 жылдан бастап солақайлар күні ресми түрде мерекелік күнтізбеге қосылды. Sputnik Қазақстан тілшісі солақайлардың ерекшелігі мен солақай балалар мектепте қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін біліп көрді.

Жаны нәзік болады

Статистика бойынша, әлем халқының 10%-і – солақай адамдар. Психолог Балабек Сақтағанның айтуынша, компьютерден бастап көлікке дейін оңқай адамдарға бейімделіп жасалғандықтан, солақайлардың өмірінде біршама қиындық туындайды. Мұны психолог солақайлардың бірі ретінде және адамдармен жұмыс істейтін маман ретінде айтты.

"Солақай адамдар кез келген ортаға тез бейімделгіш болады. Сондықтан оңқайларға арналып жасалған заттарды тез үйреніп алады. Солақайлар көздеген мақсатына жету үшін еңбектен де қашпайды. Солақай адамдарда мидың оң жақ жартышары мен сол жақ жартышары өте тығыз байланысқан. Алайда солақайларда оң жақ жартышары жақсы жұмыс істейді", - дейді психолог Сақтаған.

Сол себепті солақайлар қарым-қатынастың логикалық жағына көбірек мән береді. Сөйлеу қабілеті де өте жақсы дамыған.

"Олар лидер болуға бейім келеді. Бұған қиындыққа қарамастан, барлық затқа тез үйреніп алатын қабілетінің де әсері бар. Ал мінез жағына келер болсақ, солақайлардың жаны өте нәзік, жағымсыз жайттардан көңіл-күйі тез бұзылады. Олар жан-жағындағы адамдардың қайғысын, қиындығын өз басынан өзіне қабылдап алады. Өйткені, солақайларда қиял қатты дамыған. Дүниені, қоршаған ортаны тұтастай көреді", - дейді психолог.

Айтуынша, солақайлардың арасында шығармашылық адамдар көп кездеседі. Психолог сөзін нақтылау үшін Юлий Цезарьдың, Уинстон Черчилль, Наполеон мен ағылшын патшайымы Елизаветаның, Бетховен және Мэрилин Монроның солақай болғанын айтып өтті.

Ең жиі қойылатын сұрақ

Ал 23 жастағы алматылық бойжеткен Жібек Құсайын солақайлардың мектеп қабырғасында жиі бетпе-бет келетін қиындықтары жайлы айтып берді.

"Мектепте диктант, бақылау жұмысын тез жазу керек болған кезде, солақай болғандықтан үлгермей қалатынмын. Себебі, солақайлар қаламды басқаша ұстайды. Соған байланысты мектепте бірнеше мұғалім ескерту жасады, тіпті арасында ұрысқандар да болды. Осы жағынан мектепте қатты қиналдым", - дейді Жібек.

Солақайлар күні
© Photo : Жібек Құсайынның жеке архивінен алынды
Солақайлар күні

Айтуынша, мектепте солақай екенін сыныптастары тақтаға шыққан кезде байқаған. Себебі, солақайлар өз жазғанын денесімен жауып қалады. Сондай-ақ, үзілісте "мына әріпті қалай жазасың?" деп қызығушылық танытады.

"Оң қолмен жаза аласың ба?" деген ең көп қойылатын сұрақтың бірі. Тіпті арасында саған оң қолмен жазуды үйреткісі келгендер де болады. Соған қарамастан, мектепте солақай балаларға арналған жарыстар ұйымдастырылатын. Соның бірі – "солақайлар спартакиадасы". Жыл сайын осы жарысқа қатысып, бір марқайып қалатынмын", - деп толықтырды ол.

Айтуынша, солақай екені дастархан басында ас ішкен кезде қатты байқалады. Кейде мұсылман елдерінде сол қолды лас қол деп санайтынын айтып, оң қолмен ас ішуге үйрен деп кеңес берген туыстары да болыпты.

"Сол ескертудің өзі жүрегіме қатты тиетін. Себебі мен мұны кемшілік ретінде қараған емеспін, мен осылай жаратылдым. Адамдардың көп бөлігі оң қолымен жұмыс істейді, солардың арасында өзімді ерекше сезінемін. Жалпы, солақай болудың өзі – ерекшелік", - дейді Жібек Құсайын.

Солақай болу – ерекшелік немесе кемшілік емес

Ал балалар психологы Аида Тұрғазы солақай болу адам миының бір бөлігі доминант болуымен ғана ерекшеленетінін айтты.

"Адам көп істі оң қолымен жасайтын болса, мидың сол жақ бөлігі белсенді жұмыс істейді деген сөз. Егер сол қолды белсенді қолданатын болса, мидың оң жақ жартышары жақсы жұмыс істейді. Бар ерекшелік осы. Жұмыс істейтін қолға байланысты, мидың бір бөлшегі басымдық танытады. Мидың сол жақ жартышары аналитика, анализ, логика, сан, математикаға жауап берсе, оң жақ бөлігі креативті ойлау, түйсік, әлемді қабылдауда адамның сыртқы келбетіне қарау, эмоция, музыкаға, шығармашылыққа жауап береді", - дейді Тұрғазы.

Сондықтан сол қолмен жұмыс істейтін балалар ерекше ойлайды. Солақай бала шығармашылыққа бейім болады. Армандауы, қабылдауы, музыкадағы ритмді сезуі, түстерге мән беруі жақсы дамиды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПСИХОЛОГ /АИДА ТҰРҒАЗЫ (@aidaturgazy_)

Сонымен қатар психолог егер бала ата-анасынан басқа адамдардың оң қолмен жазатынын, не себепті өзінің солақай екенін сұраса, не деп жауап беру қажет екенін айтты.

"Балаға адамдардың әртүрлі болатынын, кей адамның бойында ерекшелік бар екенін айтып, талқылау методикасы арқылы әңгімелесу керек. Баланың түсіну, қабылдау деңгейіне қарай жғдайды, адамдарды талқылап, түсіндіру қажет", - дейді ол.

Солақай болуды ерекшелік немесе кемшілік деп емес, қалыпты жағдай деген түсінік қалыптастырған жөн, деп толықтырды Тұрғазы.

618
Кілт сөздер:
қол қою