кісен, архив фото

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары ұсталды

2722
Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"ҚР қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті экономикалық тергеу қызметінің ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің ұстағанын растайды. Ол бюджеттік қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға болмайды. 

Вице-министр здравоохранения Олжас Абишев
© Photo : пресс-служба премьер-министра РК
Олжас Әбішев

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті. 

 

2722
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау министрлігі
Коронавирус, сынама

COVID-19: Бекшин қандай науқастар ең қауіпті екенін айтты

29
(Жаңартылды 17:15 07.08.2020)
Алматыда ең көп ауру жұқтыратындар 20-29 жас аралығындағы жастар, науқастардың 20,6%-і – 30-39 жас аралығындағы азаматтар

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Алматыда үй карантинін сақтамаған 15 науқас карантиндік стационарға жатқызылды. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1300-ге жуық ауру белгісі жоқ және аурудың жеңіл түрімен ауырып жатқан науқас үйде карантинде отыр. Оның ішінде 600-ден астам адамда ауру белгілері жоқ. Алайда қазір үйдегі карантин талаптары бұзылып жатыр деген ақпарат түсуде. Мұның алдында 200-ге жуық ауру ошағын тексерген кезде, 23 адам үй карантинінде отырмағаны анықталды. Бұл – алаңдататын көрсеткіш. Себебі олар ауруды таратып жүреді", - дейді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас дәрігері ауру симптомдары жоқ науқастарды ең қауіпті науқас деп атады.

"Осыны тоқтату үшін тамыздың үшінен бастап үйдегі карантинді бұзған науқастарды карантиндік стационарға орналастырып жатырмыз. Кейінгі 3-4 күнде дәл осы себеппен 18 адам стационарға жатқызылды. Оның ішінде өз еркімен үш адам стационарға келді. Олар үйінде жалғыз оқшаулануға мүмкіндігі жоқ адамдар", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Бекшиннің айтуынша, қазір арнайы топ үй карантиніндегі ауру белгілері жоқ науқастарға қоңырау шалады. Егер олар үйде болмаса, әкімшілік шаралар қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес, 83 340 теңге көлеміндегі айыпұл төлейді. Егер адам айыппұлды бір апта ішінде төлесе, онда бұл сома 50 процентке азаяды. Ал сол уақыт арасында біреуге инфекция жұқтырса, қылмыстық іс қозғалады. Сонымен қатар Жандарбек Бекшин қалада инфекция жұқтырғандардың азайып жатқанын хабарлады. 

"Алматыда бір ай ішінде коронавирус жұқтырудың күн сайынғы өсімі 4,2%-тен 1,4%-ке дейін төмендеді. Инфекция таралуының шыңына жеткен кезде бір науқас төрт адамға инфекция жұқтыруы мүмкін болса, қазір бұл көрсеткіш 0,9%-ке дейін төмендеді. Демек, қазір бір науқас бір адамға инфекция жұқтырады. Бұл індеттің таралуының төмендегенін көрсетеді", - деді Бекшин.

Айта кетсек, жетінші маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша 12 997 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның ішінде 7 897 адамда ауру белгілері бар, ал қалған 5 110 адамда ауру белгілері жоқ.

Алматыда ең көп ауру жұқтыратындар 20-29 жас аралығындағы жастар, олар науқастардың 21%-ін құрайды, науқастардың 20,6%-і – 30-39 жас аралығындағы азаматтар. Ал алпыс жастан асқан науқастар инфекция жұқтырғандардың 17,7%-ін құрайды.

 

29
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, Алматы, науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты
Бетперденің бағасы арзандайды – денсаулық министрлігі
Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина қашан тіркеуден өтетіні белгілі болды
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Damumed дауы: жалған мәлімет енгізген өңірлер аталды
кісен, архив

Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды видео

1296
Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасын ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №52859 әскери бөлімі командирінің орынбасарын құрықтады.

"Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу мүдделеріне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.

Агенттік лаузымды тұлғаны ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан қыруар қаржының тәркіленіп жатқанын көруге болады.

1296
Кілт сөздер:
Ұлттық ұлан, видео
Қостанай қаласы

Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 

34
(Жаңартылды 17:34 07.08.2020)
23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik.  Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін. Себебі оның орынбасарына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, қазіргі кезде Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасағаны үшін күдікке ілінді", - дейді Биғайдаров.

Ал 23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын.

"Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

34
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Қостанай
Тақырып бойынша
Алматыда бұрынғы әкімнің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
"Әкімнің уәдесі қайда?": Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты