Қоғам

Қазақстанда 1014 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

© AP Photo / Esteban FelixМужчине в защитной маске измеряют температуру
Мужчине в защитной маске измеряют температуру  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда барлығы 61 839 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1014 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 29,
  • Алматы қаласында - 78,
  • Шымкент қаласында - 9,
  • Ақмола облысында - 39,
  • Атырау облысында -57,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 117,
  • Жамбыл облысында - 1,
  • Батыс Қазақстан облысында - 40,
  • Қарағанды облысында - 46,
  • Қостанай облысында - 55,
  • Қызылорда облысында - 38,
  • Маңғыстау облысында - 4,
  • Павлодар облысында - 501.

Елімізде барлығы 61 839 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Айта кетсек, Қазақстанда бірінші тамыздан коронавирус бойынша жаңартылған статистика жүргізіле бастады. Оған сәйкес, өткен тәулікте 66 адам қайтыс болды, оның 36-сы коронавирустан, 30-ы пневмониядан көз жұмған.

Жаңалықтар
0