Қоғам

Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды

© Sputnik / Владислав ВодневОлимпийский чемпион, герой труда Жаксылык Ушкемпиров поздравил Назарбаева
Олимпийский чемпион, герой труда Жаксылык Ушкемпиров поздравил Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал қазақстандық спортшы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлады қазақстандық грек-рим күресі федерациясы

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70-жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады қазақстандық грек-рим күресі федерациясы. Танымал спортшының қайтыс болу себебі айтылған жоқ.

1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі қазақстандық спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол - Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ.

Олимпиадаға дейінгі жол оңай болмады. Спортшыны құрама сапынан екінші рет алып тастағысы келгендер болған. Үшкемпіров Мәскеуде  өнер көрсетпеуі де мүмкін еді. Жақсылық Әмірәліұлы 1976 жылы Монреальда өткен Олимпиада алдында дәл осындай жағдаймен бетпе-бет келген болатын. Сол кезде басымдық Алексей Шумаковқа берілді. 

© Photo : из личного архива Жаксылыка Ушкемпирова Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды - Sputnik Қазақстан
Жақсылық Үшкемпіров

Дәл осындай әділетсіздік Жақсылық Үшкемпіровтің бір жыл бұрын КСРО чемпионатының чемпионы болғанына, оны айқын басымдықпен жеңгеніне қарамастан, екінші рет қайталануы мүмкін еді. Олимпиада құрамасын жаңарту барысында бапкерлер кеңесінің таңдауы жас Темо Казарашвилиге түседі. Сол кезде әділетсіздік Үшкемпіровтің тәлімгері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вадим Псарев пен КСРО спорт комитеті төрағасының орынбасары Анатолий Колесовтың арқасында жүзеге аспады.

© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуМәскеу Олимпиадасында түсірілген сурет, 1980 жыл
Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды - Sputnik Қазақстан
Мәскеу Олимпиадасында түсірілген сурет, 1980 жыл

Жоғары лауазымды шенеунік Жақсылық Үшкемпіров Олимпиадада жеңіліс тапса, қызметінен кететінін мәлімдеді. Жерлесінің мүддесін республиканың басшысы болып тұрған Дінмұхамед Қонаевтың өзі қолдағаны да айтылып жүр. Алайда бұл әңгіменің шын-өтірігі белгісіз. Ал Үшкемпіров алғашқы және соңғы Олимпиадасына абыроймен барып келді.

Атақты чемпионның Sputnik Қазақстанға берген толық сұхбатын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Жаңалықтар
0