Тестке арналған құты

Қазақстанда өткен тәулік ішінде мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталды

92
(Жаңартылды 10:20 03.08.2020)
Коронавирус індеті анықталған жағдайдың жалпы саны бойынша 308 адаммен Нұр-Сұлтан қаласы көш басында тұр

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 069 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 499 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді", – делінген хабарлама.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 221 / 87
  • Алматы қаласы - 207 / 94
  • Шымкент қаласы - 31 / 24
  • Ақмола облысы - 57 / 33
  • Алматы облысы - 33 / 22
  • Атырау облысы - 30 / 28
  • Шығыс Қазақстан облысы - 102 / 34
  • Жамбыл облысы - 48 / 32
  • Батыс Қазақстан облысы - 69 / 42
  • Қарағанды облысы - 88 / 25
  • Қостанай облысы - 58 / 35
  • Қызылорда облысы - 7 / 5
  • Маңғыстау облысы - 12 / 1
  • Павлодар облысы - 30 / 8
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 55 / 11
  • Түркістан облысы - 21 / 18.

Айта кетейік, республика бойынша жалпы ауырғандар саны 92 662 адамға жетті.

Қанша адам жазылып шықты?

Ведомство таратқан деректерге сүйенсек, өткен тәулікте елімізде 672 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ал Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 62 511.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 40
  • Алматы қаласы - 7
  • Шымкент қаласы - 11
  • Ақмола облысы - 53
  • Ақтөбе облысы - 17
  • Атырау облысы - 44
  • Шығыс Қазақстан облысы - 29
  • Батыс Қазақстан облысы - 18
  • Қарағанды облысы - 40
  • Қостанай облысы - 42
  • Қызылорда облысы - 7
  • Маңғыстау облысы - 7
  • Павлодар облысы - 356
  • Түркістан облысы – 1.
92
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1523)
Тақырып бойынша
"20 миллион теңге төледі": жүздеген адам бетперде тақпағаны үшін жауапқа тартылды
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты
Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

9
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

9
Кілт сөздер:
журналистика
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

98
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

98
Кілт сөздер:
ет, видео, бала