Қоғам

"Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Токаев принял отчет Национального банка
Президент Казахстана Токаев принял отчет Национального банка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық мекемелердің басты міндетіне тоқталып өтті

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты палуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты.

Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпіровтің дүниеден өтуіне байланысты жазба жариялады.

"Даңқты палуан, қоғам қайраткері Жмақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары", - дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы әлем бойынша пандемияның өршіп тұрғанын және оның Қазақстанды да айналып өтпегенін жеткізді. 

"Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр", - деп атап көрсетті Тоқаев. 

Осы орайда президент денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық мекемелердің басты міндетін атап өтті. Ол  – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Ал үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес.

Еске сала кетсек, Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы кеше, 2 тамызда хабарланды. Танымал спортшы 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

Президент Жақсылық Үшкемпіровтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Ол Үшкемпіровтің елімізде спорт саласының кең қанат жаюына атсалысып, жастарға үлгі болғанын айтты. Өңірлерді өркендету мақсатында спорт кешендерін салып, жас спортшылардың өсіп-жетілуі және ауыл шаруашылығының дамуы жолында қыруар іс атқарғанын жеткізді.

Жаңалықтар
0