Қоғам

Пневмониядан қайтыс болғандар саны екі есеге артты - министр

© Sputnik / Татьяна Макеева / Медиабанкке өтуПациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото
Пациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
3 тамыздағы ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 34 адам, вирустық пневмониядан 21 науқас көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанда пневмониядан қайтыс болған науқастардың саны екі есеге артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, статистикада түрлі пневмония бар: вирустық, бактериялық, зеңді және коронавирустық.

"2019 жылы 2 тамызға дейін 76 985 науқас болған. Ал 2020 жылы 256 541 жағдай тіркелді. Өткен жылы пневмониядан 2 033 адам қайтыс болса, 2020 жылы 4 042 науқас көз жұмды. Сонда осы көрсеткіш екі есеге өсіп отыр", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, 1 тамыздан бастап коронавирустық инфекцияға ұқсас пневмония коронавирус статистикасына қосылды.

3 тамыздағы ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 34 адам, вирустық пневмониядан 21 науқас көз жұмды. Жалпы, республика бойынша коронавирустан 1 058 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0