Архивтегі фото

Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?

3755
(Жаңартылды 15:52 03.08.2020)
Министр Цой Қазақстанда өлім-жітімнің аздығын медициналық көмектің халыққа тегін көрсетілуімен байланыстырды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан қайтыс болғандардың саны басқа елдермен салыстырғанда неліктен аз екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер коронавирусты жұқтыру көрсеткіші жағынан Қазақстанға ұқсас елдерді мысалға келтірді. Ол елдерде инфекциядан қайтыс болғандардың саны әлдеқайда көп.  

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады

"Мәселен, Эквадорда халықтың саны Қазақстанмен шамалас. Ол жақта коронавирус жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асты. Ал қайтыс болғандардың көрсеткіші – 5 736 адам. Сол сияқты Швецияда 80 мың науқас тіркелсе, 5 743 адам көз жұмды. Португалияда 51 мың науқастың 1 737-сі қайтыс болды. Көрші Қырғызстанның өзінде 36 мың науқастың 1 409-ы коронавирустан бақилық болды", - деді журналистер.  

Ал денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда осы уақытқа дейін 92 662 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 1 058 науқас қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан өлім-жітімнің аз болуы тестілеу көрсеткішіне байланысты екенін атап өтті. 

"Қазақстанда тестілеу көрсеткіші жоғары. Осылайша, біз науқастардың біраз бөлігін ерте анықтап отырамыз. Ол – бір. Екіншіден, стационардағы медициналық көмек халыққа тегін көрсетіледі. Көптеген елде ол үшін қосымша ақы төлеу керек. Сақтандыру полисі бар және тағысын тағы. Бәріне ақша төлейді. Бізде олай емес, медициналық көмек қолжетімді", - деді Цой.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі статистикада нақты сандар көрсетілген. Бірақ шілде айында оған қатысты біраз мәселе болған. Себебі коронавирус белгілері бар пневмония ауруы күрт өршіп кетті. ПТР-тест те теріс нәтиже көрсеткен. Сол себепті ондай жағдайларды коронавирус статистикасына қоспаған. Содан коронавирусқа ұқсас пневмонияларға халықаралық код беруге шешім қабылданды. Бірақ 1 тамызға дейінгі пневмониялар ортақ статистикаға қосылмайтын болды.   

"Дәрігерлер пневмонияны анықтап, код беруі керек. Сосын ақпараттық базаларға енгізеді. Осының негізінде ортақ статистика жасалады. Бірақ дәрігерлер тағы ретроспективтік тұрғыда қарап, бұрынғы жағдайларға код беретін болса, көп уақыт кетеді. Ондайда не мәліметтерді талдаумен, не науқастарды емдеумен айналысу керек. Бізге қазіргі мәліметтер де жеткілікті. Динамикасын байқаймыз. Болжам да жасауға болады", - деп түйіндеді Цой.

3755
Кілт сөздер:
билік, науқас, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1531)
Тақырып бойынша
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
"Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады
Қазақстанда өткен тәулік ішінде мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталды
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл тізімге" енді
Пневмониядан қайтыс болғандар саны екі есеге артты - министр
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

75
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

75
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

30
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

30
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті