Жағалаудағы шомылу

Қазақстанда екі ай ішінде 174 адам суға кетіп көз жұмды

73
(Жаңартылды 17:28 03.08.2020)
Мамандардың айтуынша, 4 557 адам жауапқа тартылып, 8,6 миллион теңге айыппұл салынса да, суға түсуге немқұрайлы қарайтындар азаймай отыр

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанда екі айда 174 адам суға кетіп көз жұмды. Бұл жайында төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

27 шілде мен 2 тамыз аралығында 17 адам, оның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген бес  бала суға батып, көз жұмды.

Сонымен қатар 2019 жылмен салыстырғанда суға шомылу маусымы басталғаннан бері Ақтөбе (18 адам) мен Шығыс Қазақстан (35 адам) облыстарында суға батып кеткен адамдардың саны өсіп отыр. Өткен жылы Ақтөбеде 11 адам, Шығыс Қазақстанда 32 адам суға кеткен.

"Сондай-ақ, 1 маусымнан 31 шілдеге дейін суға шомылу кезінде мас күйінде, суға батып бара жатқан адамды құтқару және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру кезінде 174 адам, оның ішінде 53 бала суға кетіп, көз жұмды", – делінген комитет хабарламасында.

Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері еліміздің су айдындарында 88 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қайда шомылуға рұқсат етілген

Айта кетейік, Қазақстанда суға шомылуға рұқсат етілген 445 орын анықталды, 5 260 ескерту белгісі орнатылды.

Полиция департаменті мен волонтерлік ұйымдар бірігіп 1 маусымнан бастап 16 мың рейд және патрульдеу жүргізді. Нәтижесінде,  4 557 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы ("алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") және 364-бабы ("Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша 8,6 миллион теңге айыппұл салынды.

73
Кілт сөздер:
суға түсу, шомылу маусымы
Тақырып бойынша
ШҚО-да іссапармен жүрген жігіт қапыда қаза тапты
Ильин 8 адамның өмірін жалмаған Нұра-Есіл арнасы туралы пікір білдірді
Шығыс Қазақстан облысының Шалқар көлінде жас жігіт суға кетті
Қыз көлге секірді, бірақ өзі ойлағандай болмады – видео
Тіпті мұндай Түркияда жоқ: Назарбаев Қазақстанның үздік курорттарын атады
Айзат Молдағасымова

Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды

496
Молдағасымова Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы қызметінен төрт айдан кейін босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарған Айзат Молдағасымова тағайындалғаннан кейін төрт ай өткен соң жұмыстан босатылды.

Денсаулық сақтау министрлігі ол осы уақыттың басым бөлігінде жұмыста болмағанын хабарлады.

Сынақ мерзімінен өтпеуіне байланысты оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа 14 қыркүйекте қол қойылды, деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігі.

"Айзат Молдағасымова 2020 жылдың 3 маусымында қойылған міндеттерді тиімді орындау мақсатында Жұматов атындағы гигиена ғылыми орталығының директоры қызметіне қабылданды. Алайда ол уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алып, 1 шілде мен 14 қыркүйек аралығында жұмыста болмады. 14 қыркүйектен бастап сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты онымен еңбек шарты тоқтатылды", - деп  түсіндірді ұлттық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров.

Оның айтуынша, онымен еңбек шарты сынақ мерзімі кезінде нашар жұмыс істеуіне байланысты бұзылған.

Оқи отырыңыз: Алматының бас санитары дәрігерлердің қалай ауру жұқтырғанын айтты 

Айзат Молдағасымова бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Оның кезінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды. Қаланың бас санитары бұған дәрігерлердің  қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Алайда ақхалаттылар Молдағасымованы жала жапты деп айыптап, президенттің атына хат жазды.

Осы жағдайдан кейін, 18 сәуірде Айзат Молдағасымова қызметінен кетті, оның орнына Жандарбек Бекшин тағайындалды.  

496
Тақырып бойынша
Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті
Алматының бас санитары 12 дәрігерден коронавирус табылғаннан кейін мәлімдеме жасады
Алматыда коронавирус табылған дәрігерлер 300-ден аса адаммен байланыста болған
Жандарбек Бекшин жаңа қызметке тағайындалды
Қабан, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан қаласына жабайы қабандар кіріп кетті видео

128
Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Елорда тұрғындары түнде қалада жүрген бірнеше жабайы қабанды видеоға түсіріп алды. Қазір экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлардың Нұр-Сұлтанға қалай кіріп кеткенін анықтап жатыр.

Қаланың орталық даңғылында жүрген қабандар жайлы видеоны Instagram желісіне zhaloby_astana паблигінің қолданушылары жариялады. Видеодан топтасқан жануарлардың жол бойымен жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Автордың айтуынша, бұл Тұран даңғылында "Астана Арена" стадионының жанында болған.

Елорда тұрғындары Нұр-Сұлтанға жабайы қабандар қайдан келгенін біле алмай дал.

Sputnik Қазақстан экология министрлігінен жағдайды түсіндіруді сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатқанын хабарлады.  

128
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх британияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

0
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

0
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты