Қоғам

Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады – видео

Жазылу
Полицейлер жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін айтады. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматыда самокат мінген жігіт жүк көлігінің бүйіріне соғылып, доңғалақтың астына түсіп кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, жол-көлік оқиғасы Әйтиев пен Гоголь көшелеренің қиылысында болған. Самокат мінген жігіт қатты жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп кетпекші болған.

Бірақ алдынан жүк көлігі шығып қалды. Осы кезде ол аяғын жерге тіреп, жылдамдықты барынша тежеуге әрекеттенеді. Бірақ тым кеш болды. Самокат мінген жігіт бетімен көліктің шанағына соғылып, бір айналып етбетімен құлады. Бірақ көп ұзамай, тұрып кетті. Ал самокаты көліктің астында қалып қойды. Жүк көлігінің жүргізушісі оны байқаған да жоқ, бұрылып кете берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Полиция осы жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін хабарлады. Ал әлеуметтік желілерде қолданушылардың басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр. Себебі, жол ережесі бойынша жаяу жүргіншілер жолағынан жаяу өту керек.

"Самокат мінген жігіт тоқтап, түсуі керек. Сөйтіп, жаяу жүргіншілер жолағынан өтуі тиіс еді. Жалпы, самокат пен велосипед мінгендер жолда абай болыңдар! Жол жүру ережесі қанмен жазылған, бұл жолы сәттілік серік болды. Осыдан ой түю керек", – дейді желі қолданушыларының бірі.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды – видео

Жаңалықтар
0