Иллюстративті фото

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

18336
(Жаңартылды 08:52 06.08.2020)
Соңғы алты айда анықталған 12 мыңдай жалған қабылдаудың кесірінен бюджеттің 75 миллион теңгесі талан-таражға түскен

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстандағы емханалар ебін тауып жалған қабылдау жүргізіп, көрсетілмеген медициналық көмекті "көрсеттік" деп жазған.   

Жұрт оңай ақшаға кенелгісі келгендердің ісін әшкерелеп, әлеуметтік желіге бірінен соң бірі жазба жариялап жатыр, деп хабарлады КТК.

Айгүл Өтепова елордадағы №13 емханада демікпе ауруымен тіркеуде тұр. Әлеуметтік желілердегі қызу талқыдан соң, Айгүл "Дамумед" қосымшасына кіріп, дәрігер қабылдауына жазылған күндерін қарайды. Сөйтсе, оның да сыртынан қабылдау жасалған. Елорда тұрғыны  мұны "алаяқтық" деп отыр.   

Бас шаһардың тағы бір тұрғыны Айгүл Қанапинаның да  "Дамумедке" таңы бар. Оны дәрігерлері түнгі сағат бір жарымға қабылдауға жазып қойыпты.  

"17 маусым күні "Дамумед" бағдарламасында түнгі сағат 1 жарымда Нұр-Сұлтан қаласының №2 емханасындағы дәрігерге жазылған екенмін. Не масқара?! Түнде емханада мені ешкім қабылдамайтыны белгілі ғой. Кейін тағы қарап отырсам, екпе егілген, дәрі берілген. Мен ешқайсысын алған жоқпын", - деп ашынды Айгүл Қанапина.

Айта кетейік, "Дамумед" мобильді қосымша арқылы науқастар дәрігер қабылдануына жазылып, ем алып, жедел жәрдемді де шақырта алады.  

Емханалардың мұндай әрекетке баруының мәні мынада: "Дамумед" арқылы ем-дом шаралары жүргізілсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша бөлінеді. "Бармақ басты, көз қыстыға" барған ақ халаттылар осылай оңай олжаға кенеледі. Адамды емдемей, тек қалтасына қызыққандардың ісін денсаулық сақтау министрлігі біледі екен. Соңғы алты айда анықталған 12 мыңдай жалған қабылдаудың кесірінен бюджеттің 75 миллион теңгесі талан-таражға түскен.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды 

"Қазір заңды тұрғыда сараптама жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер мен емхана басшыларына қатысты жазаны қатаңдату жағын қарастырамыз. Бұл  өрескел заңбұзушылық. Мұндай қателіктер адамдардың өміріне, денсаулығына қатты әсер етуі мүмкін", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. 

Енді өтірік емдеген емханаларға айыппұл салынады. Айыппұл көлемі медициналық қызмет көрсету құнының 300 процентін құрайды. Оны емхана басшылары төлеуі тиіс. Ал дәрігерлер тәртіптік жазамен құтылады.

18336
Кілт сөздер:
дәрігерлер
Тақырып бойынша
Екпеден кейін баланың шетінегені хабарланды: министрлік тергеу жүргізіп жатыр
Жамбыл облысында бас дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

109
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

109
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1019
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1019
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы