Вакцина, коронавирус

Коронавирусқа қарсы вакцинаның құны қанша болады?

644
Қазақстанға келетін 3 миллионнан астам вакцинаның басым бөлігі тегін таратылса, қалғаны сатылады

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстан COVAX Facility халықаралық бағдарламасына қосылды. Келісім бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шыққан бойда оны еліміздегі халықтың 20 процентіне бірден жеткізіп береді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді.  

"Бүгінде Қазақстанда халықтың саны 18,5 миллионнан асты. Соның 20 проценті 3 миллион 600 мың адам бола ма? Демек, 3,6 миллион вакцина бізге барлық мемлекеттермен бірдей уақытта түседі. Ол вакцина келгеннен кейін бәрін халыққа сатпаймыз ғой. Оны тегін алатын бірқатар азамат бар", - деді Қожахмет Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгінде вакцина тегін алатындардың нақты саны анықталды. Барлығы 2 182 000 адам. Ішінде 65 жастан асқандар, жүрек-қан тамыр ауруы, қант диабеті және өкпенің обструктивті ауруы, созылмалы ауруы бар азаматтар бар. Медицина қызметкерлеріне де вакцина тегін салынады. 

"Вакцинаны кез келген мемлекеттен аламыз. Қытай бірінші болып шығарса, Қытайдан аламыз. Ресей бірінші шығарса, сол мемлекеттен аламыз. Жамбыл облысындағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт бірінші болып шығарса, содан аламыз", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Қазақстанға келетін 3 миллионнан астам вакцинаның басым бөлігі тегін таратылса, қалғаны сатылады. Бағасы  4,2-8 мың теңгенің айналасында болады.

"Адамдар өз еркімен вакцина салдырамын десе, өз ақшасына сатып алады", - деді Қожахмет.  

Айта кетейік, COVAX Facility бағдарламасына бірқатар халықаралық ұйымдар бастамашы болды. Олар – Иммунизация мен вакциналар жөніндегі жаһандық альянс (GAVI), Эпидемияларға дайындықты қамтамасыз ету саласындағы инновациялар үшін коалиция, (CEPI) және Дүниежүзілік денсаулық ұйымы. Сондай-ақ, вакцина өндірушілер мен халықаралық корпорациялар қолдау білдірді. 

GAVI-мен келісім жасайтын мемлекеттер 31 тамызға дейін 15 проценттік алдын ала төлемді аударып беруі тиіс. Ал вакцина түскенде толық сома төленеді.

 

644
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1539)
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
"Құдай басқа бермесін": вирусқа қарсы вакцина әзірлеген қазақстандық ғалымның әңгімесі
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

141
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

141
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1038
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1038
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1539)