Қоғам

Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден стационардағы емделуге дейінгі процестерді автоматтандыруды жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне байланысты 460 мыңнан астам кемшілік анықтады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"Медициналық ұйымдарға салынған айыппұлдар мөлшері 4,6 миллиард теңгеден астам қаржыны құрады", – делінген хабарламада.

Ал 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған кемшіліктер осы күнгі көрсеткіштерден үш есеге аз. Соған сәйкес, айыппұлдар көлемі де 2,7 миллиард теңгені құраған.

Медициналық тегін көмек мемлекет кепілдендірген көлем шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру пакеті аясында қор тарапынан үнемі қадағаланып тұрады.

"Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға қызметтерді тек бекітілген стандарттарға сай көрсететін медициналық көмектің сапасына сәйкестігін тексергеннен кейін ғана төлейді. Сонымен бірге, сапа мониторингі, оның ішінде ақпараттық жүйелерді қашықтан қолданумен жүзеге асырылады, осылайша көрсетілген "адам факторын" барынша азайтады", – деп атап көрсетілген.

Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден бастап стационардағы емделуге дейінгі бақылауды қоса алғанда процестерді автоматтандыруды жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

"Сонымен қатар, қор медициналық көмектің сапасын сараптау тәсілдерін жетілдіріп, қиын жағдайларды бақылау тәжірибесін арттыруда", – деп атап көрсеткен баспасөз қызметіні хабарламасында.

Жаңалықтар
0