Пробирка

Өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны анықталды

222
(Жаңартылды 13:38 09.08.2020)
Коронавирус анықталған 428 адам клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Ал республика бойынша 664 адам дерттен айығып шықты, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 428 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 174 / 78
  • Алматы қаласы - 151 / 73
  • Шымкент қаласы - 24 / 13
  • Ақмола облысы - 39 / 22
  • Ақтөбе облысы - 10 / 5
  • Алматы облысы - 23 / 16
  • Атырау облысы - 41 / 35
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78 / 30
  • Жамбыл облысы - 30 / 18
  • Батыс Қазақстан облысы - 55 / 24
  • Қарағанды облысы - 90 / 27
  • Қостанай облысы - 30 / 13
  • Қызылорда облысы - 6 / 6
  • Маңғыстау облысы - 29 / 24
  • Павлодар облысы - 26 / 15
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40 / 11
  • Түркістан облысы - 26 / 18.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 98 701.

Ведомство таратқан дерекке сүйенсек, өткен тәулікте Қазақстанда 664 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 21
  • Алматы қаласы - 60
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 41
  • Ақтөбе облысы - 48
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 212
  • Жамбыл облысы - 53
  • Батыс Қазақстан облысы - 32
  • Қарағанды облысы - 23
  • Қостанай облысы - 101
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 30
  • Түркістан облысы - 10.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 72 273.

222
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1530)
Тақырып бойынша
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Людмила Бюрабекова

Депутат бұрынғы вице-министрдің отставкасы жайлы: бұған жауап беруі керек

216
Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз әрекетіне жауап беруі керек деп санайды.

Бұл туралы мәжілісмен Facebook-тегі парақшасында жазды.

Депутат экс-шенеунікті фармацевтика өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік бермей, отандық ғалымдардың препараттары мен құрылғыларын клиникалық сынақтан өткізуге кедергі келтірді деп айыптады.

Смирнованың айтуынша, Бюрабекова шетелдік дәрі-дәрмектің, көрші елдермен салыстырғанда, бірнеше есе қымбатқа сатылуына, зертханалардың бірінде коронавирусқа қарсы ПТР анализінің 20 000 теңге тұруына ықпал еткен.

"Бетперде 110 теңгеден арзан болуы мүмкін емес деп мәлімдеді. Осы жылдың қорқынышты жазында дәрі-дәрмектің жоқтығына бей-жай қарады. Адамдар мен пациенттердің тағдырына алаңдамайтынын көрсетті. Айта берсе, толып жатыр. Ақыр соңында қызметтен босатты-ау. Жай алып тастамаған шығар деген үміттемін. Бұған жауап беруі керек", - деп жазды Смирнова.

Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен қызметтен кетті. Ол денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған еді.

Денсаулық сақтау министрлігін ол уақытта Елжан Біртанов басқарды.

216
Кілт сөздер:
Ирина Смирнова, вице-министр, Денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус
Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру: жұмыссыз қалған адамға жарнаны кім аударады 

49
(Жаңартылды 15:57 24.09.2020)
Егер жұмыстан шығып кеткен адам жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрса, ол үшін жарнаны мемлекет аударады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов пандемия кезінде табысынан айырылғандар тіркеуге тұрса, жарнаны мемлекет аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, бүгінде ондай арыз-шағымдар бар. Себебі жұмысшылардың көбісі демалысқа жіберілді. Ондайда жұмыс кезеңі үзіледі. Егер сіз кәсіпорынның жұмыскері болсаңыз, онда жұмыс берушіге баруыңыз қажет. Ол түспей қалған жарналарыңызды аударып беруі тиіс", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жұмыссыз қалған адамдар үшін мемлекет жарна аударады. Бірақ ол үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелу керек.

"Егер демалысқа емес, толығымен жұмыстан шығып кетсеңіз, онда жұмыспен қамту орталығына барып, тіркеуге тұруыңыз қажет. Осылайша, сіз жеңілдік алатын адамдардың санатына кіресіз. Олар үшін жарнаны мемлекет аударады. Ал жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрмасаңыз, 2 125 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасауыңыз қажет. Онсыз медициналық сақтандыру санатына кірмейсіз", - деп түсіндірді Төкежанов.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды 

Айта кетейік, пандемия кезінде халықты қолдау шаралары аясында табыссыз қалған адамдарға уақытша сақтандыру мәртебесін беруге шешім қабылданған болатын. Олар:

  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айда қарызы жоқ жалдамалы жұмысшылар;  
  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айдан астам қарызы жоқ жеке кәсіпкерлер және жеке іс-тәжірибемен айналысатындар;
  • 42 500 теңге көлемінде бір реттік төлемді алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді аударғаннан кейін әлеуметтік мәртебеден айырылғандар, бұрын олар үшін мемлекет жарна жасаған.
49
Кілт сөздер:
жарна, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
"Қыруар қаржы қалай игерілді": депутат үкіметті есеп беруге шақырды
Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Владимир Путин

Ресей президентін Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынды

0
Өтінім 10 қыркүйекте Ослодағы Нобель комитетінің штаб-пәтеріне түсті, деп хабарлады ресейлік жазушы Сергей Комков

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Жазушы Сергей Комков Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді 2021 жылғы Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

"Мен тиісті өтінімді 9 қыркүйекте жібергенмін. Келесі күні, яғни 10 қыркүйекте ол өтінім Ослодағы Нобель комитетінің штаб-пәтеріне түсті", - деді Комков арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау қыркүйекте басталып, қазан айында аяқталады. Комитет барлық өтінімді наурызға дейін қарайды.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков те осы бастамаға қатысты пікір білдірді.

"Шешім қабылданса, тамаша болады. Ал болмаса, ештеңе етпес", - деді Песков журналистерге берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы фотографтың кесірінен ешкімге бұйырмады 

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Норвегияның стортинг (парламент) депутаты Кристиан Тибринг-Чьедде 2021 жылғы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығын АҚШ президенті Дональд Трампқа табыстауды ұсынды.

2017 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ядролық қарусыздандыру саласындағы еңбегі үшін осы сыйлыққа ұсынылған болатын.

0
Кілт сөздер:
сыйлық, Владимир Путин