Дәрігерлер, архивтегі сурет

COVID-19: денсаулық министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті

5421
(Жаңартылды 16:12 10.08.2020)
Соңғы тәуліктің ішінде республика бойынша коронавирусты 741 адам жұқтырғаны айтылды. Жиырма үш науқас қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жұқтыру өсімінің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десе болады", - деді министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндет – індетті жұқтыру мен өлімді тоқтату. 

"Осы ретте барша қазақстандықтарды санитарлық ережелерді орындауға шақырамыз", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Министрлік өкілі бүгіннен бастап әрбір дүйсенбі сайын брифинг өткізетінін де жеткізді. Осылайша, денсаулық сақтау министрлігі арқылы халықтың үнін тыңдайтын мемлекетті көрсеткіміз келеді дейді.

Айта кетейік, соңғы тәуліктің ішінде республика бойынша коронавирус жұқтырған 741 адам тіркелді. 23 науқас қайтыс болды. Жалпы, осы уақытқа дейін 99 442 қазақстандық коронавирусқа шалдыққан. Осы уақытқа дейін 1 269 науқас көз жұмды. 

Бұдан бөлек, 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмониялар да есепке алынады. Бірақ  статистика бөлек көрсетіледі. Оған сәйкес, 10 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық пневмонияға шалдыққан 13 280 адам тіркелген. 9 күннің ішінде 164 науқас көз жұмды. Ал соңғы бір тәуліктің ішінде 159 пациент анықталып, 12 пациент қайтыс болды. 

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 650 адам ем қабылдауда. Олардың ішінде 105 бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 937 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 246 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 69 науқастың өте ауыр хәлде. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - дейді министрлік мамандары.

Тағы оқыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты

5421
Кілт сөздер:
коронавирус, Денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1524)
Тақырып бойынша
Ата-анасынан айырылған ақтөбелік кімдер жауап беруі керек екенін айтты
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Қазақстан тап болған қиыншылықтарға арналған: Димаштың жаңа бейнебаяны шықты
Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр
Архивтегі фото

Коронавирустан бір аптада 28 адам қайтыс болды

7
Қазақстанда өткен аптада коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім алдыңғы аптамен алыстырғанда азайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. 14-20 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 28 адам көз жұмды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір апта ішінде қанша адам қайтыс болды  

  • Алматы қаласы – 2,
  • Шымкент қаласы – 1,
  • Атырау облысы – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 4,
  • Қарағанды облысы – 3,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Салыстыру үшін айтсақ, бұдан алдыңғы аптада індет 37 қазақстандықтың өмірін жалмаған еді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 1 699 адам қайтыс болды.

7
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1524)
Тақырып бойынша
Министрлік қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ракпен ауыратын қазақстандықтарға емді тоқтату ұсынылды
Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар ма?
Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды
Air Astana ұшағы

Қазақстандықтар 26 қыркүйектен бастап Мәскеуге ұша алады

14
Барып-келу үшін билетке 91 800 теңге төлеу керек. Бірінші рейсті 26 қыркүйек күні Air Astana әуе компаниясы орындайды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. 26 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан – Мәскеу (Домодедово) бағыты бойынша әуе рейстері қайта жанданады. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі жолаушылардың Boeing 767 әуе лайнері арқылы ұшатынын хабарлады.

Әуе компаниясының ресми хабарламасына сәйкес, алғашқы ұшақ сенбіде ұшады, ал кейінгі рейстер тек сәрсенбіде орындалады. Билет құны екі жаққа 91 800 теңгеден басталады.

Компания рейсті тек Ресей мен Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдар ғана пайдалана алатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Әуе компаниясының мәліметінше, Ресейге барған шетел азаматтары ұшудан 72 сағат бұрын ПТР-тест тапсыруы қажет.

Ресейліктер келген кезде сауалнама толтырып, келген сәттен бастап үш күн ішінде тест тапсыруы керек. Ресей астанасы арқылы үшінші елге транзитке уақытша тыйым салынған.

Билеттерді Air Astana ресми сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, қазір Қазақстан үшін кейбір елмен тұрақты рейстер, сондай-ақ эвакуациялық рейстер ашылды.

Тұрақты халықаралық рейстер

21 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан тікелей әуе қатынасын қайта бастаған елдердің тізіміне Беларусь, Германия, Египет (чартерлік рейстер), Қырғызстан, Нидерланды, БАӘ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея кіреді.

Украинаға тұрақты рейстер аптасына екі рет орындалады, бірақ қазақстандықтарға кіруге шектеу қойылған.

14
Кілт сөздер:
ұшақ, Нұр-Сұлтан, Мәскеу
Тақырып бойынша
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті
Қазақстаннан Ресейге ұшатын рейстерге билет сатып алғанда нені білу керек?
Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды