Оқушылар, мектеп

Білім министрлігі жаңа оқу жылындағы жаңашылдық туралы айтты

4073
(Жаңартылды 19:05 13.08.2020)
Бірінші қыркүйектен бастап оқушыларға сабақтағы жұмысы үшін ұпай қойылады, ол тоқсандық бағаға әсер етеді

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. 1 қыркүйектен бастап мектептегі тоқсандық баға қалай есептелінетіні айтылды. Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылында оқушылардың оқу жетістігін бағалауға өзгерістер енгізді. Бұл жайында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бөлім басшысы Айман Құсайынова ата-аналарға арналған вебинарда хабарлады.

"Қалыптастырушы бағалау енді күн сайын ұпаймен есептеледі. Бір рет бөлім бойынша жиынтық бағалау өтеді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау мұғалімге байланысты болады. Тоқсандық бағалау енді 50% тоқсандық жиынтық бағалау, 25% бөлім бойынша жиынтық бағалау және қалған 25% дәстүрлі бағалау арқылы қойылады", - деп түсіндірді Құсайынова.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап республика мектептерінде сабақ қашықтан оқу форматында басталады. Сондай-ақ, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Бұл сыныптарға оқушылар ата-анасының өтініші бойынша қабылданады.

Оқу бірнеше ауысыммен өтеді. Бір сынып тек бір кабинетте оқиды. Үзіліс әр сыныпқа түрлі уақытта соғылады. Кейбір пәндер қашықтан оқытылады. 

Ата-аналар балаларын мектепке алып келеді, алайда оқу орнына кіруге рұқсат жоқ.

4073
Кілт сөздер:
мектеп, жаңашылдық, оқу жылы, білім министрлігі
Тақырып бойынша
"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді
Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрі ұстаздарға хат жолдады
Білім министрлігі шетелде оқитын студенттерге арнайы жеңілдік ұсынды
сүзбе

Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

1918
Сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сондықтан күніне 200 грамнан артық жемеген жөн, дейді дәрігерлер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Сүзбе күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі және ер адамның қауқарын күшейтеді, деп жазады РИА Новости.

Гастроэнтеролог Алексей Буеверовтың айтуынша, сүзбе нәрлі заттарға, ақуыз бен майларға бай, ал көмірсулар керісінше аз.

"Сонымен қатар зерттеулерге сәйкес, сүзбені жиі жеген кезде көңіл-күй көтеріледі, бұдан бөлек, күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі", - дейді дәрігер.

Ол бұл тағамның құрамында кальций, магний, цинк секілді микроэлементтер көп екенін атап өтті. Бұл тек сүйек тінін нығайтып қана қоймай, ер адамдардың қауқарын күшейтеді.

Дәрігер дүкенге барған уақытта "сүзбе" жазуына мән беруге кеңес берді. "Сүзбеше" және "сүзбе массасы" деген өнімдердің құрамында ароматизаторлар мен өсімдік майы болуы мүмкін.

Маманның айтуынша, сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сондықтан күніне 200 грамнан артық жемеген жөн.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады

"Көп жемеген дұрыс, бірақ майлылығы жоғары – бес немесе тоғыз болғаны абзал. Майсыздандырылған сүт өнімдерінің пайдасынан зияны зор", - деді Буеверов.

Біріншіден, ағзаға қажетті мөлшерде май түспегендіктен, оны өзі жинай бастайды. Екіншіден, майсыздандырылған өнімдер дәмсіз болғандықтан, оның құрамына қант қосады. 

1918
Кілт сөздер:
сүзбе
Тақырып бойынша
Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады
Ғалымдар адамның қай жаста өзін мейлінше бақытсыз сезінетінін анықтады
Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Нұр-Сұлтанда отбасылық мерекеден кейін ешкім күтпеген оқиға болды
шекара бекеті, архив

ҰҚК 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өтуіне қатысты түсініктеме берді

945
Түрікменстан азаматтары консулдықтың ресми өтінішіне сәйкес елден шығарылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түрікменстанның 35 азаматы отанына жасырын оралды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Centralasia.media" порталында "Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелі отанына жасырын оралды" деген ақпарат жарияланды. Мақала авторы шекара жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін жазған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Ақтау қаласындағы Түрікменстан консулдығының ресми өтінішіне сәйкес 22 қыркүйекте "Темір баба" өткізу пунктінде сағат 10.05-тен 12.00-ге дейін Түрікменстанның 42 азаматы елден шығарылды. Олардың ішінде 12 ер адам, 28 әйел және 2 бала бар", - деп нақтылады комитет.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың наурызынан бастап түрікмен тарапы коронавируске байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көліктерді өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқан. Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылған жоқ.

945
Кілт сөздер:
шекара, Түрікменстан

Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір

0
Ресей дайын вакцинаны шетелге жаппай жібермейді. Оның орнына ресейлік ғалымдар екпені өндіру технологиясын басқа елдермен бөлісуге дайын

Бұл туралы Гамалея атындағы институттың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Алайда мұндай тәсілді ТМД елдерінде қолдану мүмкін емес. Қазір Ресейде тағы екі вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. 2020 жылдың 22 қыркүйегінде Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа препаратты клиникалық зерттеуден өткізуге рұқсат берді. Вакцинаны Ресей ғылым академиясы жасады. Ал "Вектор" ғылыми орталығы әзірлеген вакцинаны сынақтан өткізу аяқталуға жақын.

0