Қоғам

Басы дауға қалған Алматы облысының бас дәрігері кешірім сұрады

© Photo : РСК Алматинской областиЕргали Сыдыманов
Ергали Сыдыманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерғали Сыдыманов адамдармен "қарапайым тілде" сөйлесіп, ешкімді ренжіткісі келмегенін айтады. Енді ол басшылықтың кез келген шешімін қабылдауға дайын

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігері қызметіне екі күн бұрын тағайындалған Ерғали Сыдыманов дөрекілігіне шағымданған кәсіпкерлерден кешірім сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nur Kanatuly (@nur.kanatuly.kz)

Видеоны Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы Instagram парақшасында жариялады.

"Адамдармен қарапайым тілде сөйлесіп, түсіндіргім келді. Бірақ, оның бәрі басқаша болып шықты. Егер мен шын мәнінде бір нәрсені бұзсам, онда ренжіткен адамдардан, елден кешірім сұраймын. Менің жаман ойым болған жоқ. Менікі қате болды. Жауапкершілік арқалауға дайынмын", - деді Ерғали Сыдыманов видеода.

Ол денсаулық сақтау министрлігіне түсініктеме жібергенін және оны мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шақырғанын, ол жерде де түсініктеме бергенін айтты.

Сыдыманов кәсіпкерлерге не деді?

Бас санитар дәрігер кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында сауда үйлерін, азық-түлік сатпайтын базарлар мен автокөлік бөлшектерін сататын дүкендерді ашу туралы өтінішке дөрекі жауап берген.

"Мен саған қызмет етпеймін. Бала-шағаны асырау керек, кредит бар екенін түсінемін. Болды, басымды қатырмаңдар. Сен неге түсіріп тұрсың, содан кейін осындайлардың кесірінен бәрі басталады", - дейді Сыдыманов.

Шенеуніктің сөйлеген сөзі адамдардың наразылығын тудырды.

Оқи отырыңыз: Министр Цой бас санитар дәрігердің сөйлеген сөзіне ашуланды – видео

Айта кетейік, Ерғали Сыдыманов 12 тамыздан бастап Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және бақылау басқармасының басшысы болып қайта тағайындалды. Ал оған дейін бұл лауазымды шілде айында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған Қайрат Баймұхамбетов атқарған.

Жаңалықтар
0