Әзірет-Сұлтан мешіті

Мешіттер қашан ашылады мүфтият мәлімдеме жасады

2908
Діни басқарма құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің қайта ашуға қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Өздеріңізге белгілі, кеше өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жеңілдету жөнінде ұсыныстар айтылды. Алайда, әлі де тыйым салынған орталықтардың қатарында діни нысандардың бар екендігі мәлім болды", - делінген ресми хабарламада.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген болатын.

"Келіссөздерде діни басқарманың ұсынысы құпталуда. Яғни, мешіт сыйымдылығын 30 пайыздан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Алла қаласа, жуырда мешіттеріміз қайта ашылады деген үлкен үміт бар", - дейді мүфтият қызметкерлері.

Осы орайда, діни басқарманың қызметкерлері мамыр айында мешіттердің ашылғанын еске алды. Бірақ көп ұзамай, қайтадан жабуға тура келді. Себебі, індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны күрт өсіп кетті. Ал Ислам діні адамның өмірі мен денсаулығын әрқашан жоғары қояды.

"Құлшылық үйлері көп адам шоғырланатын орын болғандықтан, діни басқарма мешіт қызметіне уақытша шектеу қоюға мәжбүр болды. Біздің елімізде ғана емес, басқа мұсылман мемлекеттерінде де осындай шешім қабылданды. Алла қаласа, бұл да уақытша шектеу. Қазір жағдай тұрақталып келеді. Аз ғана төзімділік танытсақ, жамағатпен намаз оқитын күнге де жетеміз. Бұл сынақтың соңғы нәтижесі – Алланың құзырында. Сондықтан болашақтан күдер үзбей, сабырлы қалпымыздан танбай, дұға етейік", - деп атап көрсетті діни басқарма.

Оқи отырыңыз: Құнанбай қажылыққа аттанған: Қазақстандағы ежелгі мешіт туралы не білеміз?

2908
Кілт сөздер:
індет, карантин, мешіт
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (643)
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстандағы ғасырдан астам тарихы бар мешіт құлағалы тұр
"Әзірет Сұлтан" Орталық Азиядағы ең зәулім мешіт мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін
Астанада "Ақ мешіт" ашылды - фото
Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді
Нұр-Сұлтанның іргесіндегі ауылда иттердің өлексесі тура мешіт жанында жатыр
Аурухана палатасы, архивтегі сурет

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 26 адам қайтыс болды

359
Өткен аптада коронавирустан қайтыс болған науқастардың ең үлкені – 89 жаста, ал ең жасы – қырық төртте

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір апта ішінде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.

Осы жылдың 21-27 қыркүйегі аралығында Қазақстанда індеттен 26 науқас көз жұмды.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Атырау облысында – 4 адам:

  • 1960, 1956 жылғы ер адамдар,
  • 1976, 1952 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 3 науқас:

  • 1957, 1969, 1958 жылғы әйелдер.

Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам:

  • 1948, 1958 жылғы ер адамдар,
  • 1938, 1956, 1948 жылғы әйелдер.

Солтүстік Қазақстан облысында – 1:

  • 1949 жылғы ер адам.

Қостанай облысында – 2:

  • 1966, 1969 жылғы ер адамдар.

Маңғыстау облысында – 1:

  • 1965 жылғы әйел.

Қарағанды облысында – 2:

  • 1962 жылғы ер адам,
  • 1946 жылғы әйел.

Жамбыл облысында – 2:

  • 1975, 1972 жылғы әйелдер.

Нұр-Сұлтан қаласында – 2:

  • 1969, 1953 жылғы ер адамдар.

Алматы қаласында – 3:

  • 1966, 1941 жылғы ер адамдар,
  • 1931 жылғы әйел.

Шымкент қаласында – 1:

  • 1948 жылғы әйел.

13 наурыздан бері республикада COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 725 адам қайтыс болды.

359
Кілт сөздер:
науқастар, статистика, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 58 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Бала

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

428
Психолог кәмелетке толмаған балалардың әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының баспасөз қызметі.

"Ж.есімді азамат бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Әйел балаларын өзі тәрбиелегісі келеді, бірақ ер адам бұған көнбей, қарсылық көрсетуде", - деп мәлімдеді сот орындаушылар.

Әйел шарасыздықтан сотқа жүгінеді, бірақ алғашқыда қамқорлық ер адамға берілгендіктен, еш нәтиже шықпайды. Кейін апелляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде шешімді өзгерткен.

Психолог кәмелетке толмаған екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін және оларға ананың қамқорлығы қажет екенін анықтады.

"Соңғы үш жыл бойы балалар әкесімен тұрады. Бірақ соттың соңғы шешімімен бүлдіршіндердің тұратын жері өзгерді, енді олар анасымен тұруы керек. Прокуратура органдары ер адамға іздеу жариялады", - деді Нұр-Сұлтанның жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары.

Балалардың әкесі сот шешімімен келіспейді. Бір пәтерден екінші пәтерге көшіп, бұрынғы әйелі мен сот орындаушылардан жасырынып жүр.

Ер адам іздестірілуде.

428
Кілт сөздер:
балалар, Нұр-Сұлтан
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды