Қоғам

Коронавирус жұқтырған 500 медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды

© Photo : акимат Нур-СултанаМедики
Медики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл төлемді тағайындау туралы шешімді  денсаулық сақтау министрлігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 500 медицина қызметкері екі миллион теңге өтемақы алды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Оның айтуынша, төлемақы тағайындау туралы шешім денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, өтемақыға үмітті әрбір медициналық қызметкердің құжаттарын қарайтын өңірлік комиссия да жұмысқа атсалысады. Өңірлік комиссия мақұлдағаннан кейін өтініш министрліктердің қарауына жіберіледі. 

"Денсаулық сақтау министрі жіберілген және мақұлданған өтініштерге күн сайын мониторинг жүргізеді. Біздің мәліметтерімізге сәйкес, кешегі күнге дейін 500 медицниалық қызметкерге екі миллион теңге мөлшерінде өтемақы берілд", - деп хабарлады еліміздің бас санитар дәрігері 13 тамыздың кешіндегі жағдай бойынша ақпаратты келтіре отырып.

Ол сонымен қатар, комиссияның жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын айтты.

Бұған қоса, үкімет басшысы барлық әкімге өтініштерді еш кідіріссіз қарау жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, екі миллион теңге медициналық қызметкерлерге коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған жағдайда беріледі. Егер олар бұл дерттен қайтыс болса, отбасына 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы берілуі тиіс.

Жаңалықтар
0