Қоғам

Бекшин Алматыда карантин қалай жеңілдетілетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевВ Нур-Султане после ослабления карантина открылись кафе
В Нур-Султане  после ослабления карантина открылись кафе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он жетінші тамыздан бастап республика бойынша карантин жеңілдетіледі, дегенмен демалыс күндері қатаң шаралар сақталады

АЛМАТЫ, 15 тамыз –Sputnik. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин қалай жеңілдетілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус екі айдың ішінде бітпейді. Сондықтан кәсіпорындар мен ұйымдар, қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын тоқтатпай, олардың жұмысын реттеп, коронавирусқа қарсы ісшараларды енгізу керек. Алматы – еліміздегі ерекше, ең ірі қала. Еліміздің түкпір-түкпірінен шағын бизнеспен айналысатын адамдар келеді, сауда жүріп жатыр. Ең ірі базарлар Алматыда орналасқан. Осыны ескеріп, індетке қарсы бірнеше іс-шара жоспарланды",- деді қаланың бас санитар дәрігері.

Айтуынша, күзде аурудың өршуіне дайындық жасалып жатыр.

"Күзде суық кезеңде көрсеткіш өсуі мүмкін. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, айналамыздағы басқа елдерде де солай. Сондықтан осы жағдайға дайындық жасап жатырмыз. Ең алдымен кенет өршу болмау үшін эпидемиологиялық шараларды енгізіп жатырмыз. Себебі ондай жағдайда салмақ медицин ақызметкерлеріне түседі", - деді ол.

Бұрынғыша ойын-сауық, спорт, отбасылық, еске алу салтанаты және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге, сонымен қатар жиындарды үйде өткізуге тыйым салынады. 

"Барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына, мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге тыйым салынады", - деді Жандарбек Бекшин.

Жұмыс күндері қаладағы қоғамдық тамақтану орындары таңғы сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс және мейрам күндері сағат 10.00-23.00 арасында ашық болады.

"Көптеген қоғамдық тамақтану орындары көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан. Жеке орналасқан тамақтану орындарының халыққа ешқандай зияны тимесе, жұмыс уақытын бір сағатқа көтеруге мүмкіндік бар. Осыны қарастырып, бір шешімге келеміз", - деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитары кәсіпорындардың жұмысы тоқтамауы қажет екенін, соған сәйкес санитарлық нормалар қабылданғанын айтты.

"Қоғамдық тамақтану нысандарының күндіз келушілерді қабылдау ережесі бар. Олар толымдылығы 50%-ке дейін қабылдай алады. Үстелдердің арасында екі метр арақашықтық болуы керек, ал енді орындықтар арасы 60 сантиметрден кем болмауы керек. Тамақтану орындарының қызметкерлері бетперде мен қолғап киіп жүруі керек. Сондай-ақ, қоғамдық экрандар қойылады", - деді Алматының бас санитар дәрігері.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауда және ойын-сауық орталықтары, аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, таза ауада орналасқан аттракциондар аудиттен өтетінін хабарлады.

"Басқарма аудандармен бірге аудитті жылдам түрде өткізуге дайын. Қазір республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Демалыс күндеріне қарамай жұмыс жүргізіледі. Жандарбек Бекшиннің қаулысына қосымша ереже енгізіліп жатыр. Ең алдымен, жұмыскерлерді тестілеу. Кәсіпкерлер қызметкерлерін тестілеуден өткізу үшін infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, қаладағы 12 лабораторияда тестілеуден өткізуге өтініш бере алады",- деді Оразалин.

Айтуынша, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында кәсіпкерлік нысандарға, кәсіпкерлік компанияларға видеобақылау орнату пилоттық жобасы қабылданып жатыр.

"Жұмыскерлер мен келушілер бойынша медициналық бетпердені қалай таққаны, арақашықтықты қалай сақтап жатқанын бақылау үшін видеобақылау орнату қабылданып жатыр", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия карантинді жеңілдетуге байланысты жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті:

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар (бір келушіге төрт шаршы метр). 
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4ш.м.); 
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды); 
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (5 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондарар ақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0