Карантиндегі астана

Қазақстанда карантин жеңілдетілді қандай шектеу сақталады

1179
(Жаңартылды 09:09 17.08.2020)
Sputnik Қазақстан шектеу шаралары қалай алынатынына және "демалыстағы карантиннің" негізгі талаптарына шолу жасады

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстанда карантинді жеңілдетудің бірінші кезеңі басталды. Бұған дейін жабық болған көптеген нысан қайта ашылады. Алайда демалыс күндері қатаң карантин сақталады. 

Дүйсенбіде қандай нысандар ашылады

Мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті. Оған сәйкес, барлық өңірде қайта ашылатын кәсіпкерлік нысандардың тізімі бекітілді. Олар: 

  • сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, жабық базарлар. Бірақ ішке кірген адамдардың саны жалпы сыйымдылығының 30 процентінен аспауы тиіс;
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша);
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары, моншалар мен сауналар. Бірақ жалпы  сыйымдылығы 50 проценттен аспауы қажет; 
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге білім беру орталықтары. Бірақ бір топта 5 адамнан артық отырмауы шарт; 
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес); 
  • ашық ауадағы аттракциондар;
  • қала ішіндегі қоғамдық көлік.

Қандай нысандар жабық болады

Мемлекеттік комиссия әзірше ашылмайтын нысандарды да тізіп шыққан болатын. Олар: барлар, түнгі және ойын клубтары, караоке, фудкорттар, кинотеатрлар, музейлер, көрмелер мен форумдар, бассейндер, жағажайлар мен ашық аквапарктер, діни нысандар, қала маңындағы жолаушылар пойыздары/электричкалар;

Бұдан бөлек, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге, тіпті, үйде отырыс ұйымдастыруға болмайды. Ал жұмыс берушілерге қызметкерлердің, кемінде, 80 процентін қашықтан жұмыс жасау форматында ұстауға кеңес берілді. 

"Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады", - делінген комиссияның ресми хабарламасында. 

Демалыста қандай шектеу сақталады

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, сенбі-жексенбі күндері ірі сауда орталықтары жабылады. Себебі ондай жерде халық көп жиналады.

"Адамдар жақын араласқанда инфекцияның таралу қаупі күшейеді. Демалыста ондай қарым-қатынас көбейеді. Халық сауда орталықтары мен базарларға барады. Сол себепті демалыстағы қатаң карантинді сақтай тұруға шешім қабылданды", - дейді Есмағамбетова.

Ал денсаулық сақтау министрінің Алексек Цойдың сөзіне қарағанда, демалыста тағы 65 жастан асқан адамдарға сыртқа шығуға шектеу енгізіледі. Қоғамдық көлік тоқтатылады. Сенбі-жексенбі күндері тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді.  

Демалыстағы қатаң карантин екі аптадай сақталады деген жоспар бар. "Атамекен" палатасы екі жетіден кейін эпидемиологиялық жағдайға қарай ол шектеулерді де алып тастау мәселесін көтереміз деп отыр.

Кәсіпкерлер рұқсат қағазын қалай алады

17 тамыздан бастап ашылатын кәсіпкерлерге онлайн тіркеуден өтіп, санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы актіні алу қажет. Ол үшін InfoKazakhstan.kz сайты іске қосылды. Әзірше, компьютер арқылы тіркелу керек. Артынан сайттың мобильді нұсқасы жасалады. 

"Атамекен" палатасы таратқан мәліметке сәйкес, кәсіпкерлік нысандардың басым бөлігі тіркеуден өтіп, негізгі санитарлық нормалармен танысса да жеткілікті. Ал бірқатар нысандар тіркеуден өтеді. Сосын мобильді топтардың тексерісін күтеді. Содан кейін ғана ашылады. Олар: 

  • сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері; 
  • азық-түлік сататын сауда орындары;
  • азық-түлік сатпайтын базарлар; 
  • балаларға арналған сауықтыру лагерьлері.

Тіркеу электронды цифрлық қолтаңба арқылы жасалады. Ал рұқсаттың электронды нұсқасын алғаннан кейін оны басып шығарып, кіреберіске іліп қою қажет. Қосымша сұрақтар болса, "Атамекен" палатасының "1432" байланыс орталығына хабарласуға болады. 

Мешіттер қашан ашылады

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерді қайта ашуға қатысты мәлімдеме таратқан. Оған сәйкес, 17 тамыздан бастап діни нысандарды ашуға рұқсат болмаса да, мүфтият құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашуға қатысты ұсынысты жолдады. 

"Діни басқарманың ұсынысы құпталуда. Яғни, мешіт сыйымдылығын 30 пайыздан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Алла қаласа, жуырда мешіттеріміз қайта ашылады деген үлкен үміт бар", - дейді мүфтият қызметкерлері.

Қатаң карантин қайта енгізіле ме

Қазақстанда карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету үшін нақты үш көрсеткіш бар. Біріншісі – репродуктивті көрсеткіш, яғни вирустың бір адамнан таралу деңгейі. Қатаң карантинге дейін осы көрсеткіш R-1,72 болған. Бүгінде ол 0,78-ге дейін түсіп отыр. 

Екінші көрсеткіш - бір аптада 100 мың адамға шаққанда вирус жұқтырған  науқастардың саны. Оған сәйкес, соңғы бір аптаның ішінде 100 мың адамға шаққанда 80 науқас тіркелуі керек. Қатаң карантиннің нәтижесінде осы көрсеткіш 73,7 пациентке дейін төмендеді. Үшіншісі - науқастардың қайтыс болу көрсеткіші бар. Ол да азайған. Осының негізінде карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуге шешім қабылданған болатын. 

Бас санитардың айтуынша, карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңінен өтпесек, қатаң карантинді енгізуге тура келеді. 

Ол егер халық, соның ішінде кәсіпкерлік нысандар және қарапайым халық денсаулығына дұрыс қарамай, негізгі санитарлық нормаларды сақтамаса, көрсеткіштердің бәрі қайтадан нашарлап кетеді деген қауіп бар екенін айтты. Сонда карантиндік шараларды күшейтуге тура келеді.

1179
Кілт сөздер:
шектеу, карантин, Қазақстан
Тақырып бойынша
Демалыстағы қатаң карантин қанша уақытқа дейін созылады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Бекшин Алматыда карантин қалай жеңілдетілетінін айтты
Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды
Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма – әкім жауап берді
Архивтегі фото

Қазақстанның 6 облысында дабылды ескерту жарияланды

1754
Синоптиктер Жамбыл, Алматы, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжады, сондай-ақ бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында алты облыста дабылды ескерту жариялады.  

30 қыркүйекте, 1-2 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетеді деп болжанып отыр. 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

30 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 30 қыркүйекте түнде тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады  

30 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

30 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі.

30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

30 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

1754
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, үсік, ауа райы
Праймериз

700-ге тарта адам Nur Otan праймеризіне қатысудан бас тартты

93
Қазіргі уақытта 11 249 адам партияның праймеризіне қатысуға өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan праймеризіне қатысып жатқан 734 кандидат тіркеуден шығарылды, оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей мәлімдеді.

Оның айтуынша, праймериз өткізу ережелері мен партияның басқа да ішкі нормаларына қайшы келетін әрекет үшін қатаң шара қолданылып, келеңсіздікке жол берген үміткерлер партияішілік іріктеуден шығарылып жатыр.

"29 қыркүйекке дейін 734 үміткер тіркеуден шығарылды. Оның ішінде 668 адам өз еркімен шықты. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен 64 үміткердің өтініші күшін жойды. Олардың 27-сі дебатқа қатысудан бас тартқан. Төртеуі партия жарғысы мен әділ саяси бәсекенің талаптарына қайшы келетін әрекеттері үшін шығарылса, тағы 33 кандидат бойынша бастауыш партия ұйымдары өтініштерін кері қайтарып алды", – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта 11 249 адам өтініш берді, оның ішінде 10 235 кандидат тіркелді.

Әлденей барлық арыз-шағымға және заң бұзушылықтарға мониторинг жасап, оларға жедел түрде тиісті шара қолданылып жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады 

Nur Otan хатшысы қандай да бір тәртіп бұзу фактісіне куә болған жағдайда "Nur Otan" партиялық бақылау органдарына хабарлауды сұрады. Сондай-ақ, 8 (800) 080 4441 телефонына хабарласып (хабарласу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хат жолдауға болады.

Nur Otan праймеризі

1 қазаннан (00.00) және 3 қазанға (14.00) дейін мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды түрде дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс бере алады.

Праймериз қорытындысы 5 қазанда жарияланады.

Nur Otan праймеризі партия көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет жалпыреспубликалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

93
Тақырып бойынша
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады
Назарбаев: партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс
Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды