Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны азайып келеді 

© Sputnik / Татьяна Макеева / Медиабанкке өтуПациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото
Пациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 103 033 адамға жетті. 1 415 науқас қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған науқастардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәуліктің ішінде 337 адамнан вирус табылды. Кешеден бері осы диагноздан 18 науқас көз жұмды. Ал коронавирустық пневмония 141 адамда анықталып, 2 пациент қайтыс болды. Осылайша, бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 науқас көз жұмды. 

Жалпы, 13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 103 033 адамға жетті. 1 415 науқас қайтыс болды. 

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 841 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - дейді дәрігерлер.

Жалпы, науқастардың арасында 406 адамның жағдайы нашар екені айтылып отыр.

"Соның ішінде 103  науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп атап көрсетті мамандар.

Жаңалықтар
0