Қоғам

"Көп нәрсе айтылмай қалды": Нұрәлі Әлиев інісіне арналған видео жариялады

Жазылу
15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Әлиев дүниеден өткен бауыры Айсұлтан Назарбаевқа арнап видео жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қымбатты бауырым, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менімен бірге қаласың. Сені үнемі жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Нұрәли Әлиев.

Instagram желісіне салынған видеоның сілтемесін Нұрәлі Әлиев Facebook парақшасында жариялады. Видеода Айсұлтан Назарбаев суреттері мен отбасылық фотолар жинақталған. Канадалық әнші The Weeknd-тің "Final Lullaby" ("Соңғы бесік жыры") әні ойнайды.

Әлиев видео астына бәрі Алладан келіп, қайта оралатынын жазды.

Айта кетейік, 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша 30 жастағы Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған.

© Photo : Скриншот со страницы Нурали Алиева в InstagramНұрәлі Әлиевтің әлеуметтік желідегі жазбасы
Көп нәрсе айтылмай қалды: Нұрәлі Әлиев інісіне арналған видео жариялады - Sputnik Қазақстан
Нұрәлі Әлиевтің әлеуметтік желідегі жазбасы

Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтанның қазасына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. 

"Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз", - деп жазды Назарбаева.

Айсұлтан Назарбаев туралы не белгілі

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "Елбасының сүйікті жиені" деп атайды.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНұрсұлтан Назарбаев жиендерімен бірге, архивтегі сурет
Көп нәрсе айтылмай қалды: Нұрәлі Әлиев інісіне арналған видео жариялады - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев жиендерімен бірге, архивтегі сурет

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. "Челси" және"Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.

2013 жылы "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленген болатын. 2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы деректер

2019 жылдың сәуір айында Айсұлтан Назарбаев фейсбуктегі жеке парақшасында аты-жөнін Айсұлтан Рахат(Aisultan Rakhat) деп, ал отбасылық жағдайын "ажырасқан" деп өзгерткен.

Ондағы мәліметке сүйенсек, тұңғыш президенттің жиені 2019 жылдың 5 ақпанында ажырасқан.

 

Жаңалықтар
0