Қоғам

"Уақыт өте аз қалды": министрлік армян көліктерінің жүргізушілеріне үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда жолдары
Елорда жолдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда республика бойынша тіркелуі тиіс он төрт мың көліктің шамамен 10 мыңға жуығы тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі армян көліктерін тіркеу тамыз айының соңында аяқталатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша тіркелуі тиіс 14 мың көліктің шамамен 10 мыңға жуығы тіркелген.

"Азаматтер белсенді. Күніне шамамен 350 адам келіп, тіркеуден өтуде. Дегенмен, уақыт өте аз қалды. Сондықтан созбалаңға салмай, уақыт өткізіп алмай, көлікті тіркеңіздер. Өйткені үкіметтің қойған мерзімі өздеріңізге белгілі, бірінші қыркүйек", -  деді Ораз.

Ол көлігін тамыздың соңына дейін тіркеп үлгермегендер заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.

Қандай көліктер тіркеледі

Қазақстанда Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Арменияның уәкілетті органында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және осы жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көліктер тіркеледі.

Тағы оқыңыз: Армян көліктеріне қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы

Рөлі оң жақта орналасқан көліктер тіркелмейді.

Тіркеуге қажетті құжаттар

Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, айлық есептік көрсеткіштің 0,25% мөлшерінде (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге) мемлекеттік тіркеу алымының және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы тиіс.

Егер құжат қазақ немесе орыс тілінен басқа тілде жасалған болса, аударылып, нотариуспен расталуы қажет.

Жаңалықтар
0