Қоғам

Денсаулық министрлігі пневмонияға шалдыққандар саны неге күрт өскенін түсіндірді

© AP Photo / Dolores OchoaМедик в защитном костюме наблюдает за пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме наблюдает за пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен аптаның басында да дәл сондай жағдай болды. 10 тамызда республика бойынша коронавирустық пневмониямен 57 науқас тіркелсе, келесі күні көрсеткіш 1 423 адамға дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір күнде коронавирустық пневмонияға шалдыққандар санының күрт өсіп кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін республика бойынша бір тәуліктің ішінде тіркелген коронавирустық пневмонияның статистикасы жарияланған болатын. Оған сәйкес, 18 тамызда 1 081 ковидтік пневмония анықталды. Ал 17 тамыз осы көрсеткіш 67 адам болған. 

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, демалыс күндері адамдар емхана бармайды. Ал дүйсенбі-сейсенбі күндері дәрігер қарауына баратындар саны артады. Содан коронавирустық пневмония анықталатын адамдар бір күнде күрт көбейіп отырады. 

"Демалыс күндері емханалар жабық болады, дүйсенбі-сейсенбі күндері дәрігер қарауына баратын адамдар көбейіп кетеді. Сол себепті аптаның басында статистика едәуір өседі. Бұл – қалыпты жағдай. Сондықтан күнделікті статистиканы емес, апталық статистиканы салыстырған дұрыс", -  деді Қожахмет Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен аптаның басында дәл сондай жағдай болған. 10 тамызда республика бойынша коронавирустық пневмониямен 57 науқас тіркелсе, келесі күні осы көрсеткіш 1 423 адамға дейін жетті.

Ал апталық статистиканы салыстырып қарасақ, 3-9 тамыз күндері Қазақстанда коронавирус (КВИ+) пен пневмониямен (КВИ-) 15 048 науқас тіркелген болатын. Сол кезде 344 адам көз жұмды. Ал 10-16 тамызда КВИ+ пен КВИ- қосқанда барлығы 8 138 науқас тіркелді. Жеті күннің ішінде 169 адам қайтыс болды. Демек, бір аптадан кейін науқастардың саны екі есеге азайды.

Жаңалықтар
0