НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз - Sputnik. Өткен тәулікте корнавирустан 15 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 244 адам және пневмонияға шалдыққан 787 адам анықталды.
Барлығы 13 мамырдан бері Қазақстанда 103 815 адам коронавирус жұқтырды, 1 461 адам дерттен қайтыс болды.
1 тамыздан бері пневмониямен сырқаттанған 20 541 адам тіркелді, 237 науқас көз жұмды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 бала бар. Ауруханаларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
"Жалпы науқастардың арасында 350 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 100 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп хабарлады министрлік.
Өткен тәулікте 164 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан, дерттен жазылғандардың жалпы саны 86 450 адам болды.