Қоғам

Ливанға тағы 60 қазақстандық бітімгер аттанды

© Photo : Минобороны КазахстанаТретья миротворческая рота Казахстана прибыла в Ливан
Третья миротворческая рота Казахстана прибыла в Ливан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төртінші қазақстандық бітімгершілік ротасында 120 әскери қызметші бар. Коронавирусқа байланысты оларды Ливанға екі топпен жіберу шешімі қабылданды

АЛМАТЫ, 20 тамыз — Sputnik. Алматы облысының Қапшағай гарнизонында БҰҰ бітімгершілік миссиясына қатысу үшін әскери қызметшілердің екінші тобын Ливанға жөнелтілді, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

Жоспарға сәйкес ротациялық тәртіппен 60 бітімгерден тұратын топ "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" миссиясының құрамында жіберілді. Бұл ротацияның ерекшелігі – бітімгершілік миссиясының тарихында алғаш рет құрамға десанттық-шабуылдаушы әскерилер ғана емес, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтардың да әскери қызметшілері енгізілді.

Жалпы алғанда, төртінші қазақстандық бітімгершілік ротасында 120 әскери қызметші бар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жеке құрамның денсаулығын сақтау үшін әскери қызметшілерді жіберу екі кезеңге жоспарланып, тамыз айының басында және ортасында жөнелту туралы шешім қабылданған болатын.

"Ливанға келгеннен кейін қазақстандық әскери қызметшілер 2019 жылғы қарашадан бастап миссиядағы үшінші бітімгершілік ротасындағы әріптестерін алмастырады. Бітімгерлер жергілікті жерді патрульдеу жөніндегі міндеттерді орындап, халыққа көмек көрсетіп, бақылау бекеттерін ұйымдастырып, миссия штабының басқа да іс-шараларына қатысатын болады. Күн сайын қазақстандық және үнді бітімгерлері бірлесіп 50-ге жуық міндеттерді орындайды", - деп хабарлады министрлік.

Барлық әскери қызметші бітімгершілік қызметке қатысты БҰҰ-ның негізгі құжаттарының рәсімдері мен нормаларына сәйкес мұқият іріктеліп, оқытылды. Тапсырмаларды орындау үшін жеке құрамды дайындау тоғыз ай бойы Алматы облысының Н. Тілендиев оқу орталығы базасында карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" бітімгершілік миссиясына 2018 жылдан қатыса бастады. Осы жылы қазан айында БҰҰ мандатына сәйкес Ливанға қазақстандық және үнді бітімгерлерін бірлесіп жіберу туралы меморандумға қол қойылған еді.

Жаңалықтар
0