Қоғам

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

© Photo : Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі / "Qazaqstan halqy assambleiasy" коллекциялық монетасы"Qazaqstan halqy assambleiasy" коллекциялық монетасы
Qazaqstan halqy assambleiasy коллекциялық монетасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша елдегі банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "Qazaqstan halqy assambleiasy" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Монеталарды шығару Қазақстан халқы Ассамблеясың 25 жылдығына орайластырылған", – делінген ұлттық банк хабарламасында.

Монеталар сипаттамасы

Монеталардың бет жағындағы (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында – ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін "100 teńge" жазуы, ал мельхиордан жасалған монетаның астында "200 teńge" жазуы орналасқан. Айналдыра "Qazaqstan ulttyq banki • National bank of Kazakhstan" деген жазбалар бар.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) күн сәулесінің аясында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін "25" жазуы бар ою-өрнек картасы орналасқан. Кескіннің астында ассамблеяның құрылған жылы мен мерейтолық жылды және теңгенің соғылған жылын білдіретін "1995 • 2020" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – мемлекеттік ту элементі мен айналдыра "Qazaqstan halqy assambleiasy" және "Ассамблея народа Казахстана" деген жазбалар бейнеленеді.

 Мельхиордан жасалған монета бейнесі

© Photo : "Qazaqstan halqy assambleiasy" коллекциялық монетасы / Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіНоминалы 200 теңгелік монета көрінісі
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды - Sputnik Қазақстан
Номиналы 200 теңгелік монета көрінісі

Техникалық өлшемі туралы

"Рroof-like" сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 миллиметр, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3 000 данада дайындалды.

"Uncirculated" сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 миллиметр, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Елдегі барлық банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Оқи отырыңыз: Бас банкир теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Жаңалықтар
0